2023 жылғы 3 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір» атты Қазақстан халқының тілдері күні мерекесі өткізілді. Аталған іс- шараға басқарма басшысы Н.Қ.Ахметжанов қатысып, барша қауымды мерекемен құттықтады. Алтай ауданы әкімдігінің "Тілдерді оқыту орталығы" КММ директоры Г.А. Рамазанова және тіл орталығының тыңдаушысы Иванова Е. қатысты, әдіскер А.Е.Абдрахманова Н.К. Ахметжановтың алғыс хатымен марапатталды. Тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Алғысхатымен, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының Алғысхатымен тіл саласының қызметкерлері марапатталды. Салтанатты шара «Ертіс концерт» шығармашылық ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.