Алтай ауданында 8-12 тамыз аралығында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Алтай ауданында 8-12 тамыз аралығында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Алтай ауданында 8-12 тамыз аралығында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында бірқатар іс-шаралар өткізілді. «Қазақстандағы Халықаралық Жастар күні жарқын сипатқа ие болып, жалпы жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы өзгерді. Егер бұл бұрын «жастарға арналған саясат» болса, бүгінде «жастармен саясат». «Жастар-ел дамуының басты драйвері» мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кездесу - консультация өткізілді.
Алтай ауданында қайырымдылық және экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты: «Қарт адамдарға көмек көрсету» аға ұрпаққа қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлу, оқушылар мен студенттерді оларға көмек пен қолдау көрсету мәселелеріне барынша тарту, «Балалардан – қарттарға» ұрпақаралық форматты дамыту. Жастар үшін бұл жаңа тәжірибе, ол өзінің ең жақсы рухани қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, ал кейбіреуге-болашақ мамандығын анықтауға мүмкіндік береді, «Таза Әлем» акциясы жастарды табиғатты қорғауға және сақтауға тарту мақсатында өткізілді.
«Алтай ауданының Жастар ресурстық орталығы» КММ-де креативті жастарды қолдау және өскелең ұрпақтың таланттарын анықтау үшін «Жастар толқыны» белсенді жастармен сұхбат кеші өтті.
Салауатты өмір салтын жастардың бойына сіңіру үшін өткізілген ауқымды іс-шаралар: «Серебрянск қаласында жасөспірімдер арасында волейбоолдан ашық біріншілік», «Алтай қаласында мини-футболдан турнир».
12 тамызда «Горняк» МДО саябақ аймағында «GreenWallsparty» жастар тобының көше концерті өтті, онда жастар қуана-қуана әңгімелесіп, сүйген әндерін шырқап, би алаңында билеп көңіл көтерді.