
Алтай ауданында төтенше жаңдай режимін бұзғандарды жауапкершілікке тартады. Рейдтік іс-шаралар барысында аудан бойынша кіші және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ жеке тұлғалар тарапынан 74 бұзушы анықталды. Қала және ауылдар тұрғындары егер өздері төтенше жағдай режимін бұзуға жол берсе, елдегі коронавирус жағдайының қауіптілігін толық түсінбейді. Бір қатар дүкендерде сатушылардың санитарлық норманы бұзып, сөре жанында қолғапсыз тұру дерегі анықталды, санитайзер болған жоқ.
Сондай-ақ үй карантинін сақтамау деректері анықталды, тұрғылықты жерін тексергенде, аталған азамат жоқ болып шықты. Көптеген алтайлықтар көшеге рұқсатнамасыз шығады, ал кейбіреуі банкке, дүккенге, дәріханаға бару үшін рұқсатнамасы жұп күнге бола тұра, көшеге тақ күні шығады. Бірнеше көлік иесі рұқсатнамасыз көлік құралын жүргізген. Тексеру барысында кафенің, түнгі клубтың, спорт алаңының, дүкендердің түнгі уақытта жұмыс істегені анықталды.
Барлық бұзушылар жауапқа тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабына сәйкес, төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 АЕК-ке дейін айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке қамауға алынады. ТЖ жағдайында құқық тәртібін бұзуға итермелейтін әрекет үшін (ӘҚтК) 40 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 30 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. Одан басқа, санитарлық нормалар мен ережелерді бұзғаны үшін(ӘҚтК 425-б.) қызметін тоқтата тұрып 2000 АЕК дейін айыппұл, ал бақылаушы органдардың талаптары мен актілерін орындамағаны үшін (ӘҚтК 425-б.) қызметін тоқтатат тұрып, 500 АЕК дейін айыппұл төлейді.