2023 жылғы 19 шілдеде Алтай ауданы әкімдігінің ,,Тілдерді оқыту орталығы" КММ жазғы тілдік лагерь тыңдаушылары "Алтай ауданы Достық үйі" ҚМКК экскурсияға барды. Балалар Қазақстанда тұрып жатқан ұлттардың ана тілімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен жетік танысты. Достық үйінің қызметкері Курманбаева Дарина балаларға славян,орыс,неміс,қазақ,украин ұлт өкілдерінің шағын қалашығындағы ұлттық экспонаттарын көрсетіп, әр ұлт өкілінің мәдениетінің айырмашылығы мен ұқсастықтарын атап өтті. Балаларға экскурсия өте пайдалы, әрі қызықты болды.