
Алтай ауданының әкімі К.Байгонусовтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары С. Охременко «Зырян орман шаруашылығы» КММ-де орман шаруашылығын өртке қауіпті кезеңге дайындау жөнінде кеңес өткізді.
Кеңеске қатысқандар: «Зырян орман шаруашылығы» КММ директоры А.Янишевский, директордың орынбасары Н.Недоростков, ОКҚ бас инженері Б.Килибаев, 2 типті ЛПС бастығы В. Василков, Малеевка ауылдық округінің әкімі В.Кузнецов, Алтай ауданының ТЖБ бастығы Е. Касымканов, Алтай ауданының ГСРБ және КГЗ ТЖБ бас маманы А.Мамаева.
А. Янишевский барлық қатысушыларды ШҚО ТҚжТПБ «Зырян орман шаруашылығы» КММ өртке қауіпті маусымға дайындығы туралы ақпараттандырды. ШҚО бойынша өртке қауіпті маусым 6 сәуірде басталды. Орманшылық, кәсіпорындар, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш дайындауды жүзеге асыру құқығы бар ұзақ мерзімділіктер бойынша өртке қарсы іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді. Орманда ірі өрт болған жағдайда күш пен қаражаттың өзара әрекеті жоспары әзірленді және бекітілді. Ауылдық округтер әкімдерімен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру іс-шаралары өткізілді, меморандумдар бекітілді.
ШҚО ТҚжТПБ «Зырян орман шаруашылығы» КММ 2020 жылғы өртке қауіпті маусымға дайын. Жеке құрам оқытудан өтті, қолдағы бар өрт сөндіру техникасы, құрал-саймандар және жабдықтар әзірленді, ЖЖМ қоры жасалды.
Кеңес барысында әкімнің орынбасары С.Охременко соңғы бес жылдағы орман өртіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша өртке барынша қауіпті учаскелерде орманды дала өртті жою бойынша оқытулар жоспарлауды және өткізуді тапсырды. Ішкі саясат бөлімімен, қалалар мен ауылдық округтер әкімдерімен бірлесіп, ормандарда өрт қауіпсіздігі Ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік және ормандағы өртті ескерту бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу ұйымдастырылсын. 2020 жылғы өртке қауіпті маусымның өртке қарсы іс-шараларын орындау бойынша сәйкес шаралар қабылдансын.
Ауыл шаруашылық бөлімі әкімдермен бірлесіп, мемлекеттік орман қорына жақын орналасқан жерлерде ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігін сақтауды бақылау қамтамсыз етілсін. Шаруашылық қожалықтарының және ұйымдардың басшылары орылған егістікті суару туралы Алтай ауданының ТЖ басқармасының міндетті түрде ескертілгені туралы хабарласын.
О.Прокопьева, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері