
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ақпараттық орталығында Алтай қаласының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері В. Коробкинмен брифинг болды. Владимир Алексеевич Алтай ауданының медицина мекемелерінің коронавирус пайда болған жағдайда жедел көмек көрсетуге дайындығын белгіледі.
Ауданда пациенттерді емдеуге қажет болатын барлық емдік дәрі-дәрмектер, медициналық өнімдер жеткілікті мөлшерде.
Жұқпалы аурухана негізінде ауруларға арналған оңаша орын ашылған, бокстар дайындалған. Емдеу ұйымдары жасанды желдету құралдарымен жабдықталған, медицина қызметкерлерімен қосымша сабақтар өткізілді.
Бүгінгі күні аурухана қажетті бетпердемен, біржолғы халаттармен және вирусқа қарсы терапия дәрі-дәрмектерімен қамтамасыз етілген.
Соңында бас дәрігер аудан тұрғындарын гигиена тәртібін сақтауға, өзін-өзі оқшаулауға, соның ішінде жасы 65-тен асқан адамдарға көшеде жүруді шектеуге шақырды.
Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің бас маманы И. Коломиец