
Жұмыс жалғасуда
Короновирус инфекциясы салдарынан жарияланған төтенше жағдайға байланысты барлық мәдени - жаппай іс-шаралар тоқтатылды. 12 наурыздан бастап үйірме қызметі онлайн жұмысқа ауысты. «Үйде қалыңыз! Өзіңізді сақтаңыз!» челленджі басталды. Аталмыш челенджді кенттің дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер және жергілікті тұрғындар қолдады. Абайдың 175 жылдығы мен Жеңістің 75 жылдығы аясында өлең оқу байқауы жарияланды.ҰОС қатысушыларының ескерткіштерін абаттандыру және көгалдандыру бойынша «Еске алу вахтасы» акциясы іске қосылды.
Клубта дезинфекциялау құралдарымен күнделікті ылғалды тазалау жүргізіледі. Шығармашылық ұжым пандемия кезінде жеке гигиенаның барлық ұсынылған шараларын сақтай отырып, жұмысын жалғастыруда. Клубта косметикалық жөндеу, құжаттармен жұмыс, реквизитті тексеру, костюмдерді тігу және жөндеу жүргізілуде.
Анастасия Бородулина, аға мәдени ұйымдастырушы