Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Алтай аудандық мәслихатының «Алтай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2019 жылғы 20 қарашадағы № 56/2-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6311 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 1 тармағының 5 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

«Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысына 10% мөлшерінде белгіленеді».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.