Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбалас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізудің қағидаарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұсынымы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері негізінде «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 01 қаңтардан 2022 жылғы 21 желтоқсанға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімшенің ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі тармақтар бойынша жүргізілді:
1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету;
4) «Е-өтініш» электрондық жүйесі арқылы жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің келіп түскен өтініштерін қарау;
5) Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыс.
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2022 жылғы 01 қаңтарға штат бойынша мемлекеттік қызметшілер саны - 5 бірлік, 2022 жылғы 04 қазанға штат бойынша мемлекеттік қызметшілер саны – 3 бірлік, барлығы мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылады.
2022 жылғы 21 желтоқсандағы жағдай бойынша өз еркімен жұмыстан шыққандар – жоқ, теріс себептермен – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – жоқ, мерзімінен бұрын тәртіптік жаза алғандар - жоқ. Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтар, онда жеке мүдделер олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін – жоқ, штат санын қысқарту бойынша жұмыстан шығарылғандар - 1.
Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік және еңбек тәртібі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптары сақталады. Мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың жеке мүдделері мен олардың өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін жеке мүдделері кезінде олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылықтар - жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары көзделмеген, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру», «Сауда (конкурстар, аукциондар) өткізуді қажет етпейтін, мемлекеттік міншікте тұрған жер учаскелеріне құқықтарды иелену» екі мемлекеттік қызметі көрсетіледі. 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Осы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жұмыс тұрақты бақылауда: ай сайын талдау жүргізіледі және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша шаралар қабылданады.
Ағымдағы жылдың 12 айында жеке тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті, заңды тұлғалардан өтініштер түскен жоқ. Соның ішінде: 2-еуі - толық қанағаттандырылды, 1-еуіне жазбаша түсініктемелер берілді. Барлық өтініштер заңнамада көзделген мерзімде қаралады, жауаптар берілді. Тұлғаларға жазбаша өтініште бірегей нөмірі бар талон беріледі. Округ әкімі бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты негізде қабылдайды. Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша арыздар, шағымдар болған жоқ.
2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ҚҚС есебінсіз 60750,9 мың теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізілді.
Ағымдағы жылдың 12 айында «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 37 мемлекеттік сатып алу өткізілді, соның ішінде: бір көзден - 27, бір көзден өткізілмегендер – 2, конкурс – 3, баға ұсыныстары әдісімен - 5.
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін бағалау:
Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық фактілерінің жоқ екенін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапқа тартылғанын анықтады.
Мемлекеттік қызметке қабыланған тұлғалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңында белгіленген талаптарға сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік және еңбек тәртібі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) талаптары сақталады.
Жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттік қызмет туралы заңнама, қызметтік әдеп және мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының бұзылуына, сондай-ақ мемлекеттік органға, мемлекеттік қызметшілерге және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген өзге де тұлғаларға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда теріс жарияланымдарға шағымдар - жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендірудің нашарлауы, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын бұзу және заңды мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы - жоқ.
«Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгино ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары көзделмеген.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша ұсынымдар:
- Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің, прокуратураның, Еңбек департаментінің және басқа да мүдделі құрылымдардың қызметкерлерін дәріскер ретінде тарта отырып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы түсіндіру жөнінде семинарлар өткізу;
- құқықтық хабардарлық пен мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық санасын арттыру мақсатында жалпыға бірдей құқықтық оқыту жұмысын жалғастыру;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін сапалы жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб-порталының жұмыс істеу механизміне, оның үздіксіз жұмыс істеуін жақсарту бөлігіне жүйелі түрде назар аудару.
Жұмыс тобының басшысы Н. Бакынова
Жұмыс тобының мүшелері С. Захарова
Л. Чудинова