
2022 жылғы 9 желтоқсанда ШҚО мәдениет басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастыруымен облыстың тілдерді оқыту орталығы тыңдаушыларының арасында «Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым» атты облыстық байқауы өткізілді. Байқау «Сөз анасы- сәлем», «Ақын - ұлттың жүрегі», «Білім-ырыстың тізгіні», «Сұрақ бізден, жауап сізден» кезеңдерінен тұрды. Әділқазылар алқасы байқауға қатысушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін, тіл тазалығы, дауыс мәнері, өлеңді жатқа оқуы, тапсырмаларды орындау сапасы, сахналық мәдениетін бағалады.
Алтай ауданының намысын Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушысы, ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Мемлекеттік архиві Алтай филиалының архивисі Левин Константин Анатольевич қорғады.
Барлық кезеңдерден сүрінбей өткен біздің жерлесіміз Левин Константин Анатольевич әділқазылардың шешімі бойынша ІІІ орынды жеңіп алып, алғыс хат пен құнды сыйлыққа ие болды.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ