
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны) ұсыну міндеттемесі туындайды.
2023 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырғаннан кейін 2024 жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны жыл сайын тапсыру міндеті туындайды (270.00 нысаны).
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде Салық төлеуші кабинеті (cabinet.salyk.kz), сондай-ақ eSalyk azamat мобильді қосымшасы арқылы беруге болады.
eSalyk azamat қосымшасын AppStore немесе PlayMarket арқылы телефоныңызға жүктеп алып, орнатуға болады.
«E-salyq-Azamat» мобильді қосымшасында активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысаны), кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысаны) ұсыну қызметі енгізілді.