
Алтай ауданының №2 сотында К.-ның Х-дан талап арыз бойынша қарыз соммасын қолхат арқылы өндіріп алу туралы азаматтық ісі қаралды.
Сот талап қоюшы К.-ның жауапкер Х-ға ақшалай сомманы бергені анықталды және де қарыздың көрсетілген соммасын қайтаруға уәде бергені туралы қолхат беріп, алайда көрсетілген мерзімде қарыз өтелмегені анықталды.
Сот талқылау барысында тараптар медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімін бекітіп сотқа жүгінді, К. өзінің талабынан бас тартып ал жауапкер Х, өз кезегінде К.-ға қарыз соммасын толығымен 2020 жылдың 25 ақпанына дейін төлеуге уәдесін берді. Тараптар азаматтық іс өндірісін тоқтадуды сұрады.
Сот шешімімен медиация туралы келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Алтай ауданының №2 сотының баспасөз қызметі