
Әкімдердің есеп беру кездесулері тұрғындар үшін де жергілікті атқару билігі үшін де нәтижелі және пайдалы. Барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулерінің мақсаты тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру болып табылады. Ашық диалог тұрғындарды толғандыратын мәселелердің егжей-тегжейін түсінуге, мәселелер жөніндегі пікірді тыңдауға мүмкіндік береді.
Алтай ауданында барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есеп беру кездесулері аяқталды. 5 ақпанда Алтай қ. Мәдениет орталығында аудан әкімі Н. Токсеитовтің тұрғындармен қорытынды есеп беру кездесуі өтті, кездесуге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов қатысты.
Залда аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, қалалар, ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдар, кәсіпорындар басшылары, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері болды.
Н.Токсеитов қатысушыларды Алтай ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыларымен таныстырды және 2020 жылға басым міндеттер мен жоспарлар туралы айтып берді.
Есеп беру баяндамасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы, үйлер құрылысындағы, жолдар жөндеуіндегі қабылданатын шаралар туралы, спортты, мәдениетті дамыту туралы, денсаулық сақтаудағы және білім берудегі жаңа өзгерістер, ауылдық елді мекендерді сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, ауылдық округтердегі су құбырларын жөндеу туралы айтылды.
Аудандағы ұлтаралық татулықты нығайтуға атқару және өкілдік органдарының қоғамдық кеңеспен, ардагерлер, ақасақалдыр кеңестерімен, Достық үйімен, Жастар орталығымен және Татуластыру орталығымен өзара қызметі көмектеседі.
Баяндама соңында Алтай ауданының әкімі Н.Токсеитов ауданда алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша көп жұмыстар атқарылатынын, жақсы беталыстар барлығын, болашаққа нақты үміттер қойылғанын белгіледі.
Залдағы қатысушылар әкімге бір қатар сұрақтар қойды, олар осындай есеп беру кездесулері азаматтардың нақты мәселелерін шешуде ықпалды механизмге айналғанын баса айтты. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Өңір тұрғындары аудан әкімі Н.Токсеитовтің жұмысын оң бағалады.











Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі