Қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және сақтау

Қазіргі Қазақстанның өзекті мәселелерінің бірі - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және сақтау

Қазақстан Республикасының Ауыл шарушылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес,Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруге жатады.

Ереже талаптары ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен және ұстаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Жеке тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру ауыл шаруашылығы жануарларының иесі ауыл шаруашылығы жануарының жасына жеткенге дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын берген өтініш негізінде жүзеге асырылады.

Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның тиісті бөлімшесі басшысының және ветеринариялық ұйымға ұсынған алдағы төлдеу (төлдеу, тіреу) кестесіне сәйкес, ауыл шаруашылығы құралымдары мен шаруа қожалықтарына тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының төлін бірдейлендіру жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлі мынадай жасқа жеткен күнінен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей бірдейлендіріледі:

бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

құлындар – төрт айлық жасынан бастап; асыл тұқымды торайлар, әрі қарай өсіруге және өсімін молайтуға арналған торайлар және жұртшылық шаруашылықтарында күтіліп-бағылатын торайлар – үш айлық жасынан бастап

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге, кейіннен сою үшін тоғыз айлық жасқа жеткенге дейін бордақылауға арналған торайлар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;

тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермерлік қожалықтарда күтіліп-бағылатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған торайлар – тоғыз айлық жасқа толған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін.

Ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмір берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оның иесіне ветеринариялық паспорт береді.

Ветеринариялық паспорт ұсақ малдан, шошқадан басқа ауыл шаруашылығы жануарларына жеке беріледі.

Паспорт  нөмірі   ауыл   шаруашылығы   жануарларының   жеке   нөміріне сәйкес келеді.

Ветеринариялық  паспорт  ұсақ  малға (қой, ешкі), шошқаға топқа (отарға) беріледі.Ветеринариялық паспортқа мәліметтерді ветеринариялық ұйымның ветеринариялық дәрігері енгізеді,қолымен және мөрімен бекітіледі.

Бұл ретте ауыл шаруашылығы жануарына жүргізілген ветеринариялық өңдеу және диагностикалық зерттеулер туралы мәліметтер және ауыл шаруашылығы жануарлары туралы басқа да мәліметтер (ауыл шаруашылығы жануарының жынысы, түсі, жасы, қосымша белгілері) деректер базасына енгізіледі.

Жеке нөмір беру Ауыл шаруашылығы жануарының түріне байланысты келесі тәсілдердің бірімен жүргізіледі:

1) жапсырмалау (ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, шаруа және фермер қожалықтарында ұсталатын және өнеркәсіптік өсіруге және бордақылауға арналған тоғыз айлық жасқа дейін сойылмаған ірі қара мал, ұсақ қара мал, түйе, шошқа және торайлар үшін);

2) таңба немесе чип салу (жылқылар үшін);

 3) татуировка  ( ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында,  шаруа  және
фермер қожалықтарында ұсталатын және өнеркәсіптік өсіруге, бордақылауға арналған торайлар үшін, кейіннен тоғыз айлық жасқа толғанға дейін сойылады).

Қазіргі уақытта чиптеу жолымен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің бірегей әдісі(электрондық таңбалау) әзірленді.

Бұл әдіс барлық талаптарға жауап береді:

- фальсификацияның мүмкін еместігі (жануарларды ауыстыру);

- вакцинацияланған жануарларды жедел тіркеу;

- жануардың бүкіл өмір бойы нөмірді сақтау кепілдігі:

- нөмірді жоғалту және қолдан жасау мүмкін емес:

- мал иесін жедел анықтау:

- процедураның ең аз еңбек сыйымдылығы.

Капсула жануарға тері астына немесе бұлшықет ішіне, өндіруші микрочиппен бірге жеткізетін арнайы бір реттік шприцтің көмегімен сығылады. Микрочипті жою мүмкін емес, өйткені пальпация кезінде ол кешірілмейді және оны арнайы есептегіш құрылғысыз табу мүмкін емес.

Балама әдіс, таңба салу - таңба орны уақыт өте келе өседі және ол көрінбейді, жануарды қайта таңбалау қажеттілігі пайда болады.

Осы іс-шараны чиптеу әдісімен жүзеге асыру кезінде мал ұрлығы фактілерін анықтау және табыншылар арасындағы дауларды шешу оңай болады.

Осы іс-шараны жүзеге асыру бойынша мал ұрлығына байланысты қылмыстар айтарлықтай азаяды,мал ұрлығын ашу және иелерін анықтау артады.

Алтай ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірумен "Алтай-Вет"КМК ветеринарлық ұйымының мамандары айналысады.  Телефон: 8-72-335-6-53-04  анықтама алу үшін.