
Алтай аудандық сотының төрағасы А.Исмагулов Алтай ауданының құқыққорғау органдарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.
Іс шара Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерді талқылау мақсатында өткізілді.
А.Исмагулов сот ведмствосынан құқықбұзушылықтардың 63 құрамы өкілетті органдарға қаралуға берілгені жайлы атап өтті. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысты тұлғаның өтініш хаты түскен жағдайда сот істі дереу қарауға құқылы.
Сонымен қатар, сот төрағасы масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерін талқылады. Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап ӘҚБтК 608,613 баптары көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі артып 15 тәулікке қамауға алу жазасы өзгертілген.
Шара соңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап аталған тақырыпта өзара пікірлерімен бөлісті.