Ағылшын тілінің жазғы курсы

Ағылшын тілінің жазғы курсы

Ағылшын тілінің жазғы курсы

Замануи әлемнің қазіргі болмысында және Қазақстан  Республикасының геосаяси орналасуы шетел тілдерін оқу халықаралық  дамуға және әріптестікке көп мүмкіндік ашатын білімнің маңыздылығын көрсетеді.

             Ағымдағы жылдың шілде айында Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында ағылшын тілінің жазғы курсы ұйымдастырылды, онда қазіргі уақытта біздің ауданымыздың 20-ға жуық баласы тегін білім алуда. Оқыту ойын түрінде өтіп, негізгі ауызекі сөздер мен сөз тіркестерін оңай және тез меңгеруге, сондай-ақ көптеген жарқын әсерлер алуға мүмкіндік береді.

Курсты еуропалық жоғары оқу орнының түлегі, білім беру саласының магистрі және тәжірибелі педагог Рамазанова Ләйлә Мұсаханқызы жүргізеді.

Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ