
2020 жылы Алтай ауданында тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасылар үшін жалға алу құқығымен 14 бір қабатты жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Аталған үйлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтың тапсырмасы бойынша "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында салынды.
2021 жылы ауданда тұрғындардың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтары үшін бір қабатты тұрғын үй құрылысы жалғастырылды. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс салушылармен 26 жеке тұрғын үй салынды, оның ішінде: Алтай қаласында – 16 үй; Серебрянск қаласында – 5 үй; Жаңа Бұқтырма кентінде – 5 үй. 2022 жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасын жалғастыру жоспарлануда.