ТҰРҒЫНДАРҒА СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙҒА АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

ТҰРҒЫНДАРҒА СУ ТАСҚЫНЫ БОЛҒАН ЖАҒДАЙҒА  АРНАЛҒАН ЖАДНАМА

·        Қауіпті факторлар             - Су деңгейінің тез көтерілуі және маңындағы елді мекендерге жайылуы, қатты жауған жауын (қардың), қардың жылдам еруінен, сонымен қатар плотиналардың жарып өту салдары тұрғындар үшін үлкен қауіп тудырады.            -Су тасқынының салдары орталықтанған және орталықтандырылмаған су көздері ауыз суының ластануы, халық арасында сумен таралатын инфекциялардың туындауы болып табылады.                    Тұрғындардың әрекетіÞ   Су басу алдында (үйлерді су басу қаупі):                          - Ауланы уақытында қардан тазалау керек, жиналған қоқыстан аумақты тазалауды ескертеміз,             - Ауладағы қоқыстарды қора- қопсы және қоғамдық әжетханаларды сыпырып тазалауға, сонымен қатар дезинфекциялық заттармен зарарсыздандыру қажет;            - Шаруашылық құрылыстарды, жертөлелерді сумен басудан сақтау керек, судың ағып кету жолдарын қазып, арықтардың қоқыспен ластануынан тазалау керек;             - Құдықтарды қақпақтармен жабдықтау, шегендерді түзетілген қалыпта ұстау керек;            - Аумақ пен құрылыстардың жатын аумағын таза ұстауды міндетті түрде қамтамасыз ету керек;            - Ауыз су сақтауға арналған ыдыстар қарастырылсын.             Су басу басталуы туралы жарияланған кезде:              - Құдықтар мен су құбырлары жұмыс істемеген жағдайда, ауыз судың қорын дайындап алу керек;            - Қолдың жеке гигиенасын сақтап, қайнатылған, не болмаса бөтелкедегі суды пайдалану керек.Þ   Су басқаннан кейін:            - Тасқын суларда қалған азық түлікті пайдалануға болмайды;             - Тасқын сулармен ластанған су қубырларының және құдықтардың суын зертханалық тексеру қортындысы белгілі болғанша ауыз су мақсатында тұтынуға болмайды.            - Ауыз су құдықтарын лас суды шығару арқылы тазалау керек.

 

         Төтенше жағдайлар болған кезде қарапайым гигиеналық ережелерді сақтап және де берілген кеңестерді ұстансаңыз, Сіз өзіңізді көптеген аурулардан қорғай аласыз.