«Ашық бюджеттер» порталы – ашық үкіметтің құрамдас бөлігі

«Ашық бюджеттер» порталы – ашық үкіметтің құрамдас бөлігі

«Ашық бюджеттер» порталы – ашық үкіметтің құрамдас бөлігі, ол арқылы әрбір Қазақстандық азамат мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қадағалап, талқылай алады.  

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жалпыға бірдей қол жетімді қызмет.

«Интерактивті карта» (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) біздің ауданымыздың мектептеріне, балабақшаларына, ауруханаларына, жолдарына және басқа да бюджеттік жобаларына бөлінген бюджеттік қаражаттар туралы ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдету мақсатында құрылған.

«Ашық бюджет» жобасы аясында ауданның 28 бюджеттік бағдарламалар әкімшілері «Ашық бюджеттер» порталында қаржы жылына бекітілген сомалар шегінде жобаларды, бюджеттік бағдарламалар бойынша есептерді орналастырады (2022 жылға аудан бюджеті 7136,8 млн. теңге сомасына бекітілген).

Порталда мәліметтерді орналастыруға ауданның бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері жауапты.