
Алтай ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ базасында ағымдағы жылдың ақпан айынан қысқа мерзімді курстар өткізілуде. Курсқа Алтай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығының және мекемелердің қызметкерлері қатысуда. Курстың негізгі мақсаты - тыңдаушыларды тілдің негізімен түсінікті және қызықты түрде таныстыру. Тәжірибелі педагог Ж.Т. Карменова тілді меңгеру үрдісін түсінуге оңай, жеңіл, қызықты өткізіп, жақсы көңіл-күй мен оқуға деген сүйіспеншіліктерін тудыруда. Мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылық білдіргендердің барлығын шақырамыз! Біздің мекенжайымыз: Тәуелсіздік көшесі, 18. Тел: 6-32-27.
Алтай ауданының «Тілдерді оқыту орталығы» КММ