Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексінің нормалары саласындағы заңнаманы түсіндіру

Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексінің нормалары саласындағы заңнаманы түсіндіру

2021 жылғы 22 қарашада Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Алтай ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл Р.Ш.Хамитовтың басшылығымен «Алтай ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, әдеп кодексінің нормалары саласындағы заңнаманы түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.

Әдеп жөніндегі уәкіл әдеп кодексінің негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын түсіндірді. Ол мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесі мен іскерлік сапаларына қойылатын талаптарды арттыру, мемлекеттік қызметшінің имиджін сақтау, пандемия кезінде санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігін түсіндіріп өтті.

Қызметтік міндеттерді орындау барысында туындайтын жағдайлар туралы диалог жүргізді, әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдауды талқылады.