
Британдық Фицуильям мұражайында "Ұлы Дала алтыны" атты ШҚО көрмесі көрсетілді. Экспозицияға Елеке Сазы, Шілікті қорғандары мен Патшалар алқабында табылған бірегей артефактілер кіреді.
Көрме тарих білгірлерінің ғана емес, қарапайым адамдардың да қызығушылығын тудырды.
Экспозиция әлемге сақ өркениеті мен мәдениеті тарихының жаңа беттерін ашты: тау-кен өнеркәсібі мен металлургия саласындағы үлкен білім, сондай-ақ бірегей зергерлік шеберлік.