
2021 жылғы 09 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» ұлттық-демократиялық партиясының ұйымдастырушысы және көшбасшысы, қазақтың алғашқы Алаш Орда ұлттық үкіметінің басшысы, ғалым, дарынды публицист Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдық мерейтойына орай Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ «Latyn - zaman talaby» акциясын өткізді. Акция Алтай қаласының тұрғындарын латын графикасы негізіндегі қазақ тілінің жаңа әліпбиімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.
Орталық оқытушылары латыннегізді әліпби және «умляут», «макрон», «седиль», «бревис» сияқты негізгі ұғымдар қамтылған ақпараттық буклеттер таратты.
Қатысушыларға Әлихан Бөкейхановтың қазақ тіліндегі шағын цитаталарын латын әріптерімен оқу ұсынылды.
Осындай акцияларды өткізу қазақ тілінің жаңа әліпбиін насихаттауға бағытталуда.
Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ