COVID-19 бойынша кеңес

COVID-19 бойынша кеңес

Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов жұмыс кеңесін өткізді, кеңес барысында  республикадағы, аудандағы COVID-19  ауруының көбеюіне байланысты эпидемиологиялық  жағдайды тұрақтандыруға, сондай-ақ азаматтарды вакциналауға бағытталған іс-шаралар кешені қаралды.

Аудан әкімінің орынбасары Ж. Аскароваға, Алтай қ. әкімі И.Оконешниковке, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Е. Алтынғажиқызына, білім бөлімінің басшысы Б. Канафинаға Алтай қаласының тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, әсіресе мектептер мен колледждер оқушылары арасында санитариялық нормаларды сақтау бойынша жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына көңіл бөлуге тапсырма берді.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары С.Охременко Серебрянск қаласында түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, әкім кеңесшісі Н. Игнашин және аппарат басшысы О. Ансабаев Жаңа Бұқтырма кентіндегі барлық объектілердің санитариялық нормаларды сақтауын бақылауға алсын.

«Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Т. Жигитаев дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Асхатовпен бірлесіп, көлік құралдарына, соның ішінде темір жол көліктеріне де мониторинг жүргізсін.

Алтай ауданының ауданаралық ауруханасының бас дәрігері О.Нурекенов медицина қызметкерлері арасында емхана мен жедел жәрдем қызметі жүктемесінің  көбеюіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеу,  медицина қызметкерлерін қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, жан сақтау кереуеттерін әзірлеу және дәрі-дәрмектің қажетті қоры болуы қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.