
Мол жауған қарға және қатты соққан желге байланысты жеке туристік базаларда қар күртіктері пайда болды, нәтижесінде туристік базалардың күзетшілері қар құрсауында қалды.
Жеке туристік базалардың иелері өз жұмыскерлерінің мәселелеріне тиісті түрде қарамады, оларға атқару органдары көмекке келіп, мәселеден тысқары қалмай, оны қысқа мерзімде шешіп берді.
Алтай ауданының әкімі К.Байгонусовтың тапсырмасы бойынша техника жолданды, техника пайда болған барлық үйінділерді шығарып, тұрғындарға кез келген бағытта еркін қозғалуға мүмкіндік жасап берді.
Жолдың аталған бөлігі жеке меншік болып табылады, бұл мәселені жеке үй иелері өз бетінше шешулері керек. База иелерімен өздерінің жеке аумақтарын өз бетінше тазалап, олардың меншігін күзетіп отырған өз жұмыскерлері үшін барлық жағдай жасаулары керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.