Назар аударыңыз: су тасқыны!

Назар аударыңыз: су тасқыны!

«Казгидромет» РМК мәліметі бойынша 2011 жылдың 14-17 сәуір аралығында ауа температурасының жоғарылауына байланысты ШҚО өзендерінде су деңгейінің көтерілуі күтілуде, мұз кептелісінің түзілуі, су тасқыны және су жайылуының болуы мүмкін.

Алтай ауданының ТЖ басқармасы сақ болуды ескертеді. Сіздің тұрағыңызға жақын орналасқан су айдындарындағы су деңгейін қадағалаңыз. Өзіңіздің жеке аулаңызда судың кедергісіз ағуы үшін жұмыстар жүргізіңіз:

- жақын жердегі бұлақтарды, арықтарды қоқыстан және мұздан тазартыңыз;

- өзіңіздің аулаңызда су ағатын орларды қазыңыз;

-  үйдің аумағында суды бөгеу үшін қол материалдарын дайындаңыз (қаптар, топырақ, құм, саз балшық).

БАҚ ақпараттарын мұқият қадағалаңыз.

Алғашқы қажетті заттары бар сөмке немесе арқа қоржынын, біраз мөлшерде ауыз су мен азық-түлік қорын дайындаңыз. Міндетті түрде құжаттар мен ақшаны, медициналық аптечканы, қосымша жылы сырт киім мен аяқ-киімдер жинағын салыңыз.

Бағалы заттарды, жер қоймадағы азық-түлік қорларын шатыр астына немесе су баспайтын аймаққа көшіріңіз.

Егер де су тасқыны кенеттен болса:

- Ең бастысы судан шығыңыз және тасқынға тап болмауға тырысыңыз.

- Жақын жердегі биік жерді табыңыз (төбе, биік берік ағаш, үйдің шатыры) және тасқын сізді ағызып кетпес үшін соған жетуге тырысыңыз.

- Ұялы телефон арқылы ТЖ басқармасына өзіңіздің тұрған жеріңіз туралы хабар беріңіз немесе кез келген қол құралымен апат белгісін беріңіз (ашық түсті мата, от, дыбыстық белгі).

Ашық қауіпсіз жерде:

  • От жағып, баспана жасаңыз.
  • Үйге қайтуға болмайтынын есте сақтаңыз. Бұл өмірді сақтауы мүмкін. Көшіруді күтіңіз.

Су деңгейі көтерілген жағдайда дереу  4-02-02, 6-14-77, 112 телефондарына немесе жергілікті атқару органдарына хабарласыңыз.

Алтай ауданының ТЖ басқармасы