
Алтай ауданының әкімі К. Байгонусов Алтай қаласының қоғамдастығын қаланың жаңа әкімі Игорь Георгиевич Оконешниковпен таныстырды.
И.Г. Оконешников 1966 жылы 03 наурызда ШҚО Зырян қаласында дүниеге келді. 1985 жылы техник-механик мамандығы бойынша Лениногорск орман техникумын аяқтады, 1993 жылы машина құрылысы, металл кесетін станоктар және құралдар мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы Қазақс поитехникалық институтты бітірді.
Жалпы еңбек өтілі– 30 жылдан астам.
Аудан әкімі К.Байгонусов Игорь Георгиевичке үлкен жауапкершілік жүктелгенін баса айтты және оған еңбекте табыс, халық игілігі үшін адал қызмет етуді тіледі.