
Алтай ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Алтай ауданы Мәслихатының No1 сайлау округінің депутаты Горбачева Н.В.-мен және Алтай ауданының үйлестіру және жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Т.Ю.Шидич – тің қатысуымен рейд жүргізді. Бұл жолы өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық шаралар - Алтай қаласының оңтүстік бөлігінде салынған, көпбалалы отбасылар тұратын жаңа тұрғын үйлерде жүргізілді.
«Казцинк» ЖШС қолдауының арқасында бұл үйлерде көміртегі тотығын анықтайтын қондырғылар пайда болды.
Тұрғын үй иелеріне қажетті ұсыныстар берілді және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудың қандай салдары болуы мүмкін екендігі түсіндірілді.
Әр үйдегі рейдке қатысушылар: электр сымдарының жай-күйін, тұрмыстық электр құрылғыларының жарамдылығы мен дұрыс жұмыс істеуін, жылыту пештерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексерді.
Тұрғын үйлердің иелеріне өрт қауіпсіздігі бойынша талаптар және ол талапарды орындамау қандай жағдайларға әкелетіндігі түсіндірілді.
ТЖБ қызметкерлері қыста өрт қаупі артып, өрт қауіпсіздігі ережелерін ескермеу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенің еске салады. Әсіресе пеш жылытуы бар үйлерде.
Мұндай қондырғыларды орнату адамдарды өрттен және көмірқышқыл газынан уланудан сақтайды. Қондырғылар шығаратын қатты дыбыс ұйықтап жатқан адамдарды оятып, қайғылы жағдайлардың алдын алады. Бұл қондырғыны сатып алуға шамалы қаражат жұмсай отырып, тұрғындар қыста пешті жылыту кезінде төтенше жағдайлардан мүмкіндігінше өздерін қорғайды.
Алтай ауданының ТЖБ