Аудан әкімі К.Байгонусов құрылыс жүріп жатқан қаланың оңтүстік бөлігінде болды

Аудан әкімі К.Байгонусов құрылыс жүріп жатқан қаланың оңтүстік бөлігінде болды

Қазіргі уақытта Алтай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен 14 жеке тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Үйлерді бюджет қаражаты есебінен сатып алып, кезекпен көп балалы отбасыларға беру жоспарланып отыр. Отбасылардың сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде сумен жабдықтау және кәріз желілері салынуда. Көшелерді жарықтандыру үшін бағандар орнату бойынша жұмыстар басталды.

Жұмыс аудан әкімінің жеке бақылауында.