
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 1995 жылғы 19 қазандағы «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетілдіру туралы» жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды.
Бұл күні өртке қарсы, судан құтқару қызметі және азаматтық қорғаныс қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.
Құрамаларды басқару және аумақтық қорғанысты басқару жөніндегі арнайы топтың бастығы А.Тымбаев пен инспектор Л.Алиева Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Қ. Баяхметовтың алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хаттарды Алтай ауданы әкімінің орынбасары М.Сахариев табыс етті.