Провели проверку аптек        

Провели проверку аптек        

Алтай ауданының «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі пандемияның екінші толқыны пайда болған жағдайға дәріханалардың дайындығыына шолу жүргізді. Арнайы мониторинг тобы Алтайдың орталық көшелерінде орналасқан бірнеше дәріханаларды аралады.

Дәріханаларда пандемияның екінші толқыны кезінде қажет болуы мүмкін барлық заттар бар: жеткілікті мөлшерде дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары, дәрумендер, антибиотиктер және вирусқа қарсы дәрілік заттар. Дәрі-дәрмектердің бағасы рұқсат етілген шамадан аспайды.

- Өздеріңіз білетіндей, облыста дәрі-дәрмек жетіспейді. Кейбір азаматтар оны шекті бағадан жоғары сатқан кездер де анықталды. Осы жағдайлардың алдын алу үшін біздің жобалық кеңсе дәріханаларға барып, дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерін бақылайды және бағалардың шекті бағадан аспауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, - деп атап өтті Алтай ауданындағы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Р.Шарифуллин.

Осыған байланысты, егер сіз дәрі-дәрмектердің бағасын жоғарылату фактілеріне тап болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 бірыңғай Call-орталығына немесе «Адалдық-алаңының» Алтай ауданындағы жобалық кеңсесіне WhatsApp + 7 778 474 69 35 (жобалық кеңсе), «Шығыс - Адалдық алаңы»), 8 (72335) 6-10-92 нөмірі («Адалдық алаңы» Алтай ауданы жобалық кеңсесі) арқылы хабарлаңыз.