
«Нұр Отан» партиясының праймеризіне дауыс беру аяқталды. Аудан әкімі К.Байгонусов үміткерлермен кездесіп, «Горняк» КДК-дағы маңызды тарихи оқиғаға қатысқандардың барлығын құттықтады.
Үгіт-насихат кезінде үміткерлер өз бағдарламаларын толығымен таныстырды деп атап өтті К.Байгонусов. Қатысушылар ұсынған бағдарламалардың көпшілігі әлеуметтік мәселелерді шешуге, қаламызды және жалпы аймақты дамытуға, инновациялық технологияларды енгізуге бағытталған.
Өз сөзінде аудан әкімі «Праймериз» бұл барлық азаматтар үшін әлеуметтік лифт және аймақтың дамуына үлес қосу мүмкіндігі екенін атап өтті. Мұнда жеңілгендер жоқ. Нақты саяси бәсекелестік барысында әлеуметтік мәселелерді шешуге ниет пен қабілеті бар мықты көшбасшылар анықталады.
Ішкі партиялық іріктеуіне қатысқан кандидаттар үшін праймериз күш сынап, саяси шеберліктерін көрсетіп, өз позицияларын қорғауға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, К.Байгонусов қатысушыларға «Нұр Отан» партиясының ШҚОФ төрағасы Д.Ахметовтің атынан алғыс хаттар табыстады.
Прокопьева О., ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері