
Іс-шараға Алтай ауданының полиция бөлімі бастығы, полиция полковнигі Ерімбесов Д.М. және Алтай ауданы әкімінің орынбасары Аскарова Ж.А. қатысты.
Кеңесте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы қаралды.
Сонымен қатар, қатысушылар ішкі істер органдарының негізгі жұмыс бағыттарын талқылады, атап айтқанда:
• интернет-алаяқтықтың алдын алу;
• «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
• жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кеңес қорытындысы бойынша полиция қызметі «Заң және тәртіп» қағидаттары мен құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік ұстанымдарына негізделетіні атап өтілді. Бұл қағидаттар қоғамдық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің басты факторы болып табылады.