
2020 жылғы 13 тамызда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, Алтай ауданының тәртіп бойынша өкілі Р.Ш. Хамитовтың басшылығымен «Алтай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Алтай ауданының қаржы бөлімі» ММ ұжымдарымен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдептілік кодекс нормалары саласында заңдылыққа түсініктеме беру бойынша бейне байланыс тәртібінде кездесу өткізілді.
Тәртіп бойынша өкіл тәртіп кодексінің негізгі жағдайларына, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңдылығына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға түсініктеме берді. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату, мемлекеттік қызметшінің имиджін сақтау қажеттілігін түсіндіре кетті. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес әкімдіктер қызметкерлері жұмыс уақытының тәртібін қатаң сақтау қажеттілігімен таныстырды.
Алтай ауданының әдеп жөніндегі уәкіл Р. Хамитов