Алтай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2025 жылы жалпы ауданы 1520 шаршы метрді құрайтын он екі пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда

Алтай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2025 жылы жалпы ауданы 1520 шаршы метрді құрайтын он екі пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда

Оның ішінде төрт үйдің пәтерлері әрқайсысы 85 шаршы метрден, ал алты үйдің пәтерлері әрқайсысы 70 шаршы метрден пәтерден болады.
Құрылыс келесідей бөлінген: Алтай қаласында – 3 үй; Тұрғысын және Полянское ауылдарында – 1 үйден; Октябрьский кентінде – 2 үй; Жаңа Бұқтырма кентінде– 3 үй. Мердігер «AВK Tehnology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі анықталды.
Құрылыс басталды: Алтай қаласында – әр пәтері 85 шаршы метрден екі пәтерлі екі үй және әр пәтері 70 шаршы метрден бір үй; Тұрғысын ауылында – әр пәтері 85 шаршы метрден екі пәтерлі бір үй.
Іргетас құю жұмыстары аяқталды, қабырғалары тұрғызылуда.