«2019-2020 оқу жылының қорытындысы» облыстық есептік кеңесі

«2019-2020 оқу жылының қорытындысы» облыстық есептік кеңесі

2020 жылғы 17 қыркүйекте ШҚО тілдерді дамыту басқармасы және «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының ұйымдастырумен «2019-2020 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында есептік кеңес өткізілді. Бұл шараға облыс бойынша тілдерді оқыту орталықтарының директоры, әдіскерлері және оқытушылары қатысты.

Есептік кеңесті ШҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Р.Ә. Төлемісова ашып, ШҚ Лингвистикалық орталығының директоры Б.С. Шукеева 2019-2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама оқыды.

Облыс бойынша тәжірбиелі әрі алдыңғы қатарлы болып саналатын Алтай, Бесқарағаый және Глубокое аудандырының Тілдерді оқыту орталықтарына сөз берілді.

Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ әдіскері А.Е. Абдрахманова орталықпен өңірде өткізілген тілге тарту, жаңа әліпбиді және үштұғырлы тілдерді насихаттауда, ұлы тұлғалардың мерейтойына орай өз нәтижесін беретін  тиімді тәсілдерінің бірі акциялар өткізу және Инстаграм, Фэйсбук желілерінде жарияланып тұратын бейнесабақтар мен арнайы айдарлар туралы тоқталды.

Шараға қатысушылар өз тәжірбилерімен бөліскен орталық ұжымына алғысын білдіріп, көп адамды қамтитын акциялардың маңыздылығын атап өтті.

Алтай ауданы әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығы» КММ