Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы
«Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру аясында 2019 жылы республикалық бюджеттен мынадай жобаларды іске асыруға 1 592,83 млн.теңге бөлінді:
- «Алтай қ. орталық бөлігі су құбырлары желілерін қайта құру (1 – кезек)», жобалық қуаты 110,5 км, жалпы сметалық құны 2 670,276 млн. теңге, мердігерлік ұйымы «НКО» ЖШС 16.04.2019 жылғы №15 – келісімшарт, жұмыстардың орындалу мерзімі 2019 жылдың мамыры – 2020 жылдың қыркүйегі (мемлекеттік сараптамаға сәйкес10 ай).
2019 жылы 501,130 млн. теңге игерілді, 2020 жылы облыстық бюджеттен 600,0 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда ұзындығы 10 км суық сумен қамтамасыз ету құбырына монтаждау аяқталды.
Бұл жобаны іске асыру Алтай қаласының орталық бөлігінде орналасқан 21 045 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.
- «Алтай қ. Батыс бөлігі су құбырлары желілерін қайта құру (2 – кезек)», жобалық қуаты 75,3 км, жалпы сметалық құны 2 007,363 млн. теңге, мердігерлік ұйым «ПромСтройАвтоматика» ПК 23.07.2019 ж. №36 – келісімшарт, жұмыстардың орындалу мерзімі 2019 жылдың шілдесі – 2020 жылдың қыркүйегі (мемлекеттік сараптамаға сәйкес 10 ай).
2019 жылы 314,0 млн. теңге игерілді, 2020 жылы облыстық бюджеттен 589,070 млн.теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда траншеясыз әдісімен 11 км су құбырылары желілері төселді.
Бұл жобаны іске асыру Алтай қаласының батыс бөлігінде орналасқан 19 359 адамды үздіксіз сумен қамтамасыз етеді.
- «Алтай қаласында КСС-1 сорғы станциясы жабдығын ауыстыру», жалпы сметалық құны 167,090 млн. теңге, мердігерлік ұйымы «НКО» ЖШС 30.07.2019 жылғы № 46 – келісімшарт. жүзеге асыру мерзімі 29.02.2020 ж.
2019 жылы 148,6 млн. теңге игерілді, 2020 жылы облыстық бюджеттен 14,8 млн.теңге бөлінді.
Бұл жобаны іске асыру 14 874 адамды су бұру қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз етеді.
- «Алтай қаласында КСС-2 сорғы станциясы жабдығын ауыстыру», жалпы сметалық құны 56,092 млн. теңге, мердігерлік ұйымы «НКО» ЖШС, жүзеге асыру мерзімі 29.02.2020 ж.
2019 жылы 50,4 млн. теңге игерілді, 2020 жылы облыстық бюджеттен 4,9 млн.теңге бөлінді.
Бұл жобаны іске асыру 6 871 адамды су бұру қызметтерімен үздіксіз қамтамасыз етеді.
- «Серебрянск қаласындағы ДКВР-10/13-115 ст.№ 4 қазанын КВ-ТС-20 су жылытатын қазанына ауыстырумен қазандықты қайта құру» жалпы сметалық құны 289,545 млн. теңге, мердігерлік ұйымы «АзияЭнергоПроектМонтаж» ЖШС 14.10.2019 ж. № 35 – келісімшарт.
2019 жылы 230,3 млн. теңге игерілді, 2020 жылы облыстық бюджеттен 24,2 млн.теңге бөлінді.
Осы жобаны жүзеге асыру Серебрянск қ. 8 656 адам тұрғындарын үздіксіз жылумен қамтамасыз етуді қамтиды.
Тұрғын үй мәселелері 2019 жылдың 1 қаңтарына 1070 адам мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрды:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар – 2;
- Жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 626;
- Көп балалы отбасылар – 22;
- Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары – 230;
- Жалғыз тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары - 10;
- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 180.
2019 жылы баспанамен - 69 адам, оның ішінде:
- «Нұрлы-жер» бағдарламасы бойынша халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары санаттарына жекешелендіру құқығынсыз жалдамалы тұрғын үй берілді - 60 пәтер:
4.ҰОС мүгедектері мен қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар – 5.
5.Жалғыз тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары – 1
(сот шешімі бойынша)
Екінші нарықтан - 7 отбасына тұрғын үй берілді:
- 1-2 топ мүгедектері – 1
- Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1
- Көпбалалы отбасылар – 4
- Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар – 1
- «Парыз» қайырымдылық қоры есебінен көп балалы отбасылар үшін 2 тұрғын үй – жайы Жаңа Бұқтырма кентінде, Серебрянск қаласында сатып алынды.
Алтай ауданында мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік саладағы қызметкерлер арасында бөлінген 63 пәтер мөлшерінде қызметтік тұрғын үй бар:
01.02.2020 жылғы жағдай бойынша Алтай ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан 1118 адам баспана алуға кезекте тұр.
- Жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 634;
- Көп балалы отбасылар – 22;
- Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтары – 259;
- Жалғыз тұрғынжайы авариялық жағдайда деп танылған ҚР азаматтары - 11;
- Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар – 192 (медициналық жұмыскерлер -24, білім жұмыскерлері -19, полиция қызметкерлері -21, әскери қызметкерлер -1)
Автомобиль жолдары
Алтай ауданының аумағы бойынша өтетін автомобиль жолдарының ұзындығы 591 км, оның ішінде теңгерімдік тиесілігі бойынша:
- республикалық маңызы бар автожолдардың теңгерімдік тиесілігі бойынша – 194 км,
- облыстық маңызы бар автожолдар – 132,5 км
- аудандық маңызы бар автожолдарының ұзындығы – 264,46 км.
Ауданның қалалары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы - 510 км құрастырады.
2019 жылы республикалық маңызы бар («Өскемен – Алтай – Үлкен – Нарын – Катонқарагай – Рахман Қайнарлары») автомобиль жолы бойынша – 1 878,3 млн. теңге жалпы сомасына жұмыстар орындалды:
- км 56-72, (ұзындығы 16 км) - автожолды реконструкциялау (тапсырушы ШҚОФ «ҰК «ҚазАвтоЖол», мердігер «АБК Автодор НС» ЖШС). Жобаның құны 12 000,0 млн. теңге, реконструкциялау кезеңі 2017-2020 жж. 2019 жылы 643,2 млн. теңге қарастырылды. Осы учаскеде жұмыстар ұзындығы 7,5 км учаскеде аяқталды;
- км 72-88, ұзындығы 16 км – автожолды реконструкциялау (тапсырушы ШҚОФ «ҰК «ҚазАвтоЖол», мердігер «АБК Автодор НС» ЖШС). Жоба құны 5029,9 млн. теңге, реконструкциялау кезеңі 2017-2019 жж. 2019 жылы 1 877,0 млн. теңге қарастырылды. Ұзындығы 10 км учаскеде жұмыстар аяқталды;
- орташа жөндеу 131-151 км, 186-192 км, 217-220 км, жалпы ұзындығы 29 км 596,6 млн. теңге сомасына (2018 жылы – 39 км 887,0 млн. теңге сомасы); (тапсырушы ШҚОФ «ҰК «ҚазАвтоЖол», мердігер «Плюс» ЖШС). Жұмыстар аяқталды;
- км 163-168 ұзындығы 4,4 км 36,8 млн.теңге сомасына демалыс аймағын абаттандыруға арналған жарық беру құрылғысы.
2019 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2019 жылдың шілдесінде «Алтайка-Чапаево» автомобиль жолындағы Крестовка өзені арқылы көпірдің күрделі жөндеуі аяқталды.
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 2019 жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен 175,8 млн. теңге жалпы сомасына автомобиль жолдарды орташа жөндеу орындалды:
- ұзындығы 6,3 км 69,1 млн. теңге сомасына «Парыгино – Технологиялық трасса» қиыршықтасты жабынымен автомобиль жолын орташа жөндеу;
- ұзындығы 10 км 106,7 млн. теңге сомасына «Парыгино – Кутиха» қиыршықтасты жабынымен автомобиль жолын орташа жөндеу.
- елді мекендердің көшелері бойынша Алтай және Серебрянск қалаларының 9 көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлінді:
- жалпы ұзындығы 5,0 км 248,4 млн. теңге сомасына Алтай қ. 5 көшелерін орташа жөндеу: Промышленная к-сі, Астана к-сі, Коммунистическая к-сі, Тохтаров к-сі, Курчатов к-сі.
- жалпы ұзындығы 2,6 км 46,1 млн. теңге сомасына Серебрянск қ. Ленин, Графтио, Гаражная, Веденеев 4 көшені орташа жөндеу.
2019 жылы Алтай ауданының жолдары мен көшелерін күтіп ұстауға 139,4 млн. теңге бөлінді.
2020 жылы «Октябрьск өткелі – Алтайка – Ново – Хайрузовка» облыстық маңызы бар а/ж (ұзындығы 20 км) 13-33 км орташа жөндеуге қайта өңдеу әдісімен (асфальт төселген) РБ тен - 822 740,5 мың теңге қарастырылды.
Алтай қ. көшелерін ағымдағы жөндеуге ОБ 10,0 млн. теңге қарастырылған.
2020 жылы Алтай ауданының жолдары мен көшелерін күтіп ұстауға 191,2 млн. теңге, оның ішінен қысқыға – 164,2 млн. теңге, жазғыға - 27,0 млн. теңге қарастырылған.
Қысқы күтіп ұстауға 18 келісімшарт жасалды. Мердігерлерде 58 техника бірлігі бар. Елді мекендердің жолдары мен көшелерін күтіп ұстауға жауапкершілік тиісті аумақтардағы округ әкімдеріне жүктеледі.
Жолаушылар тасымалы
Алтай ауданының құрамына 48 елді мекен, олардың ішінде Алтай және Серебрянск қалалары кіреді, олардың 21-де тұрақты автобус қатынастары бар.
Алтай қаласы бойынша жолаушылар 8 қала ішіндегі автобус маршруттары, солардың ішінен біреуі маусымдық (жазғы – күзгі кезеңге) жұмыс істейді, Серебрянск қаласында1 қала ішіндегі маршруты жұмыс істейді. Аудан бойынша 4 аудан ішіндегі жолаушылар маршруттары жұмыс істейді.
Қала ішіндегі маршруттарда Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға, сондай-ақ 7 жасқа дейінгі балаларға жеңілдіктер қарастырылған.
Алтай қаласында орналасқан автовокзал пандуспен, есту қабілеті нашар адамдарға арналған құралдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған. Автовокзалда тірек – қимыл жүйесі бұзылған мүгедектерге және қозғалыс қабілеті шектеулі адамдарға арналған кезекші мүгедектер арбасы бар.
Серебрянск, Жаңа Бұқтырма к. және Октябрьск к. билеттерді сату орындары бар.
Қалалық маршруттарда жүруге қазіргі тарифі 14.01.2018 жылдан 80 теңгені құрастырады.
Ағымдағы жылы табысы аз қамтылған көп балалы отбасылардың балаларына мектептен жол жүруді субсидиялауға облыстық бюджеттен 3,339 млн.теңге бөлінді.