Меню

Страницы

Статья

Алтай ауданының білім жүйесі туралы ақпарат

Алтай ауданында 50 білім беру ұйымы жұмыс істейді:

  • 10 балабақша,
  • 37 жалпы білім беретін мектеп,
  • 3 қосымша білім беру ұйымы.

10 балабақшаның ішінде:

  • 6 мемлекеттік (964 баланы қамтиды);
  • 4 жеке (664 баланы қамтиды);
    16 шағын орталық 202 баланы қамтиды:
  • 15 шағын орталық жалпы білім беретін мектептер жанында;
  • 1 жеке шағын орталық.

37 мектептің ішінде:

  • орта – 25 (қала – 8, ауыл – 17),
  • негізгі – 5 (қала – 1, ауыл – 4),
  • бастауыш – 7 (қала – 2, ауыл – 5),
    оның ішінде:
  • лицей-мектеп – 1;
  • мемлекеттік тілде оқытатын мектептер – 3 (қала – 1, ауыл – 1);
  • орыс тілінде оқытатын мектептер – 32 (қала – 9, ауыл – 23);
  • аралас тілде оқытатын мектептер – 2 (қала – 1, ауыл – 1);
  • шағын жинақты мектептер – 24 (қала – 1, ауыл – 23);
  • толық жинақты мектептер – 13 (қала – 10, ауыл – 3).

Барлық мектептерде оқу бес күндік жүйемен жүргізіледі.
11 мектеп екі ауысымда, 26 мектеп бір ауысымда оқытады.
Жаңа Бұқтырма ауылында 130 орындық, қазақ тілінде оқытатын жаңа мектептің құрылысы аяқталуда.

2024-2025 оқу жылындағы оқушылар контингенті – 0-11 сыныптарда 7543 оқушы:

  • мемлекеттік тілде – 900 оқушы;
  • орыс тілінде – 6673 оқушы.

2025 жылы:

  • 22 түлек «Алтын белгі» белгісімен жалпы орта білім туралы аттестат алды,
  • 26 түлек үздік аттестат алды.

2024 жылы:

  • 305 түлектің ішінде 25-і «Алтын белгі» иегері,
  • 14-і үздік аттестат иегері.

2024 жылғы түлектердің ЖОО-ға түсу көрсеткіштері:

  • ҚР – 128 (оның ішінде мемлекеттік грант – 81, әкім гранты – 20, ректор гранты – 3, арнайы грант – 3);
  • РФ – 57;
  • Шетел (Қытай, Чехия) – 2 (оның ішінде грантпен – 2).

Колледждерге түскендер – 71, оның ішінде бюджеттік орындарда – 34.

Барлық мектептер кеңжолақты интернетке қосылған.
Аудандағы 22 мектеп SpaceX компаниясының Starlink спутниктік технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетке қосылған. Орнатылғаннан кейін орташа жылдамдық 150 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Starlink жүйесінің толық жұмыс істеуі үшін 7 мектепте жергілікті желі жүргізілді.
15 мектепте Wi-Fi желісі бар, интернет жылдамдығы 20 Мбит/с-қа дейін.

Пәндік кабинеттер:

  • 24 физика кабинеті (23 мектепте),
  • 15 химия кабинеті (15 мектепте),
  • 13 биология кабинеті (13 мектепте),
  • 2 STEM кабинеті.

10 мектепте робототехника кабинеті, 37 мектепте IT-сыныптар бар.

2024-2025 оқу жылында:

  • Алтай қ. №9 орта мектебі «Қазақстан халқына» қорының «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы бойынша жабдықталды.
  • «Казцинк» ЖШС демеушілігімен Серебрянск қ. В.М. Инюшин атындағы №1 орта мектебінде қыздар мен ұлдарға арналған кәсіпке дейінгі дайындық кабинеттері ашылды.

Педагогтар:
Аудандағы 37 мектепте, 10 мектепке дейінгі ұйымдарда және 3 қосымша білім беру ұйымында – 1181 педагог жұмыс істейді:

  • мектептерде – 908,
  • балабақшаларда – 221,
  • қосымша білім ұйымдарында – 52.

18 жас маман келді (оның ішінде 8-і ауыл мектептеріне).
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әрқайсысына 369 200 теңге көтерме ақы берілді.

Мұғалім тапшылығы – 75 бос орын:

  • ағылшын тілі – 7,
  • информатика – 3,
  • тарих – 3,
  • қазақ тілі мен әдебиеті – 2,
  • математика – 17,
  • қазақ тілінде бастауыш сынып – 1 (Алтай қ. №9 орта мектебі),
  • орыс тілінде бастауыш сынып – 7,
  • АӘД – 2,
  • педагог-психолог – 5,
  • орыс тілі мен әдебиеті – 5,
  • физика – 7,
  • дене шынықтыру – 2,
  • химия – 5,
  • еңбек – 5,
  • басқа – 4.

176 оқушы шалғай ауылдардан тегін тасымалданады.
Быково және Парыгино ауылдарында 24 оқушыны ауыл ішінде тасымалдау ұйымдастырылған.

Алтай ауданы маслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы №67/4-VI шешімі негізінде 260 оқушыға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жүру үшін анықтамалар берілді (Алтай қ. – 233 бала, Серебрянск қ. – 27 бала).

Аудан мектептерінің балансында – 20 автобус, оның 15-і 14 мектептің оқушыларын тасымалдайды.
7 автобус толық тозған және ауыстыруды қажет етеді.

№

Наименование школ, нуждающихся в автобусах

Марка автотранспорта

Год приобретения автобуса

Кол-во учащихся

на подвозе

1

КГУ «Средняя №9 города Алтай»

ПАЗ-32053

2011

10

2

КГУ «Соловьёвская средняя школа»

ПАЗ-32053

2008

17

3

КГУ «Зубовская средняя школа»

КАВЗ-397620

2007

10

4

КГУ «Маякская средняя школа»

УАЗ-22069-033

2004

4

5

КГУ «Ново-Бухтарминская средняя школа №1»

ПАЗ-32053

2008

35

6

УА- 22069-033

2004

7

КГУ «Октябрьская средняя школа»

ПАЗ-3206-110

2011

11

2024-2025 оқу жылында Алтай ауданының білім беру ұйымдарындағы тамақтандыру, инклюзия және қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат

Мектептегі тамақтандыру
2024-2025 оқу жылында 37 мектептің 28-інде ыстық тамақ ұйымдастырылған.
Ыстық тамақ ұйымдастыруға жағдай болмаған ауданның 9 ауылдық мектебінде жеткізушілер тарапынан буфеттік тамақтандыру жүргізіледі.

8 жеке кәсіпкер 26 мектеп асханасында кәсіпкерлік қызмет атқарады.
Ауданның 2 ауылдық мектебінде асханалар жалға берілмеген, тамақтандыру бюджет қаражаты есебінен ұйымдастырылған, штатта аспаздар бар (КММ «Путинцев орта мектебі», КММ «Подорлов бастауыш мектебі»).

2024 жылы тегін тамақтандыруға бөлінген қаржы:

  • 1-4 сыныптағы 2861 оқушыға – 259,4 млн теңге;
  • 0, 5-11 сыныптағы әлеуметтік осал топтардағы (аз қамтылған) 493 оқушыға – 77,0 млн теңге.

Сонымен қатар, 10 оқушы жалға алушылардың демеушілік көмегі есебінен тегін тамақтанады.

Инклюзия және арнайы білім беру қажеттіліктері
Денсаулығына байланысты үйде оқитын 26 оқушы жеке қажеттіліктеріне сәйкес арнайы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Ауданның 37 мектебінің 30-ында инклюзияға жағдай жасалған, онда 536 ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕБҚ) оқушы білім алуда. Мектепке дейінгі ұйымдарда – 41 бала.

2 мектепте (КММ «Алтай қ. №2 бастауыш мектебі», КММ «Зубов орта мектебі») 9 арнайы (КРО) сынып жұмыс істейді, онда 77 оқушы оқиды.

14 мектепте мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектер үшін пандустар орнатылған.

Алтай ауданының 8 мектебінде (№6, №8, №11 орта мектеп, №2 бастауыш мектеп, В.М. Инюшин атындағы №1 орта мектеп – Серебрянск қ., Ново-Бұқтырма №2 орта мектебі, Октябрь орта мектебі, Зубов орта мектебі) инклюзияны қолдау кабинеттері жұмыс істейді.

4 мектепте (В.М. Инюшин атындағы №1 орта мектеп – Серебрянск қ., Ново-Бұқтырма №2 орта мектебі, Октябрь орта мектебі, №6 орта мектеп – Алтай қ.) педагог-ассистенттер бар.

Инфрақұрылымды бейімдеу жұмыстары:

  • 2019 жылы Алтай қ. №9 және №11 мектептерінде ЕБҚ бар балаларға кедергісіз білім беру жағдайларын бейімдеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді (қосымша баспалдақ орнату, баспалдақ пен кіреберіс алаңшаны тегістеу, пандус орнату, сырғанауға қарсы жабын төсеу, есік блогын ауыстыру, дыбыс сигналы бар қоңырау орнату, шыны есіктерге контрастты жолақ жапсыру, әжетхананы жаңарту, шұғыл көмек шақыру түймесін орнату, көрсеткіш тақтайшалар орнату).
  • 2021 жылы Алтай қ. «Мектеп-лицейінде» және Серебрянск қ. №2 негізгі мектебінде бейімдеу жұмыстары жүргізілді.
  • 2022 жылы Алтай қ. №8 орта мектебі бейімделді.
  • 2023 жылы Алтай қ. Балалар музыка мектебінде бейімдеу жұмыстары жүргізілді.

Қауіпсіздік шаралары

  • 11 білім беру ұйымында турникеттер орнатылған.
  • 9 мектепте арнайы күзет қызметімен келісімшарт жасалған.
  • Барлық білім беру ұйымдарында Алтай ауданы полиция бөлімі кезекші бөліміне тікелей қосылған дабыл түймелері орнатылған, сонымен қатар бейнебақылау жүйесі полиция бөлімінің Жедел басқару орталығына интеграцияланған.

 

 

Дата публикации
06 февраля 2020
Дата обновления
14 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы