«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының
4-тармағына, 22-бабына сәйкес Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша Северное, Ермаковка, Феклистовка, Феклистовка ауылының Киров тұрғын алабы ауылдарының шекарасында Северное сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, аудандық «Заря Востока» газетінде және Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға Б. Тұқтыбаева
Хатшы Р. Букежанова