Меню

Страницы

Статья

Тоқсеитов Нұржан Тілеужанұлы



1960 жылы туған, Семей облысы Бесқарағай ауданының Өндіріс ауылында дүниеге келген.

Тоқсеитов Нұржан Тілеужанұлы 1986 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «Малдәрігері» мамандығы бойынша, 1993 жылы Мәскеу қаласындағы Я. Коваленко атындағы Бүкілресейлік эксперименттік ветеринария ғылыми-зерттеу институтын «Малдәрігері-зерттеуші» мамандығы бойынша және 2001 жылы Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ветеринария ғылымдарының кандидаты, экономика және бизнес магистрі. 2017 жылғы наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының әкімі болып тағайындалды.

Н.Т. Тоқсеитовтың практикалық жұмыс тәжірибесі мол, білім деңгейі жоғары, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттері өте жақсы дамыған. Зырян ауданының әкімі болып жұмыс істеген уақытында Нұржан Тілеужанұлы өзін белсенді, талапшыл және бастамашыл, үнемі өздігінен білімін жетілдіріп, жұмысқа жаңа әрі прогрессивті әдістерді енгізетін басшы ретінде көрсетті. Өз өкілеттіктерін орындау кезінде жоғары құзыреттілік пен мақсаттылық танытады.

Нұржан Тілеужанұлының басшылығымен жұмыс істеген кезеңде көптеген әлеуметтік маңызы бар мәселелер шешімін тапты. Ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын өз жұмысының басымдығы деп санай отырып, ол өзінің және кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің қызметін жергілікті бюджетті толықтыруға бағыттайды. Бюджеттің шығыс бөлігі әлеуметтік бағытты ұстанады: әлеуметтік сала объектілерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда, бюджеттік мекемелерде еңбекақы, мемлекеттік жәрдемақылар мен тұрғын үй көмегі бойынша берешектер жоқ. Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен ауданның елді мекендеріндегі көшелердің жағдайы жақсарды. Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға, ауыл халқын жұмыспен қамтуға үлкен көңіл бөлінді.

Нұржан Тілеужанұлы Зырян ауданының әкімі ретінде аудандағы жалпы білім беретін мектептердің инновациялық қызметіне үлкен үлес қосты. Оның тікелей басшылығымен «Менің мектебім» акциясы іске асырылып, 10 робототехника кабинеті және 7 жаңа модификациялы кабинет ашылды; қиын өмірлік жағдайға тап болған ата-аналар мен балаларға көмек көрсетуге ықпал ететін отбасы мен балаларды қолдау орталығы ашылды.

Ұжымда Нұржан Тілеужанұлын белсенді қоғам қайраткері ретінде құрметтейді және бағалайды. Оның сабырлылығы, қол астындағы қызметкерлермен және әріптестерімен ортақ тіл табыса білуі жұмыста жайлы психологиялық климат орнатуға мүмкіндік берді. Мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысады.

Өзінің адал еңбегімен, мінсіз мінез-құлқымен және іске адалдығымен Нұржан Тілеужанұлы аудан тұрғындары арасында айнымас бедел мен құрметке ие болды.

Зырян аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 қыркүйектегі № 24/10-VIІ шешіміне сәйкес, Тоқсеитов Нұржан Тілеужанұлына «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы