Меню

Страницы

Статья

САМОЙЛОВ ЕВГЕНИЙ ЕМЕЛЬЯНОВИЧ

1932 жылы туған

 

Евгений Емельянович Самойлов 1959 жылы шілде айында Зырян қаласының қалалық ауруханасына хирург дәрігері лауазымына қабылданды және сол лаузымында зейнеткерлік жасқа жеткенше қызмет көрсетті. Оның еңбек кітапшасында екі жазу ғана бар, олар: жұмысқа қабылданды және зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты жұмыстан шығарылды деген. Хирург – уролог дәрігерінің еңбек өтілі  
37 жыл.

 

Еңбегінің алғашқы жылынан бастап Евгений Емельянович уролог бойынша мамандандырылған. Зерттеумен, тәжірибелер жасаумен, жаңа шұғыл шешімдер іздестірумен айналысты. Онымен уролог аурулары бойынша шұғыл емдеуде жаңадан әдістер әзірленген және енгізілген. Е.Е. Самойловтың урология жұмыстары бойынша кеңінен жинақталған «Обоснование межреберного доступа при операциях на почке»  атты  материалдары 1989 жылғы № 1 «Қазақстанның денсаулық сақтау» журналында жарияланған. Осы әдістің тәжірибеге енгізілуінің арқасында ота жасау уақыты 1/3 қысқартылған, ота жасалған адамның ауруханада емделіп жату уақыты да 4-6 күнге азайған.

Қуық үрпісінің дренажын құрғату әзірленді, ол ота жасалған адамның тез сауығып кетуіне және стационар жағдайында ауруханада емделу күндерін 3-5 күнге азайтты. Алдын ала енгізілген амал аденомэктомия кезінде бір отаға арналған консервіленген қанның кетуін 500 мл дейін үнемдеуге мүмкіншілік береді. Е.Е. Самойловпен жақсы нәтижелермен мыңдаған урологиялық және жалпы хирургиялық оталар жасалған. Е.Е.Самойловтың еңбексүйгіштігінің, адалдығының арқасында Зырян қаласындағы урология көмегінің көрсетілуі облыс көлеміндегі ең үздіктердің бірі болды. Зырян ауданының және ауданға жататын аумақтардағы барлық урология пациенттеріне жоғары білікті көмек көрсетіліп, облыстық және республикалық орталықтарға жолдамастан әлі күнге дейін көмектер көрсетілуде.

1969 жылы Зырян қаласы дәрігерлерінің ішінен бірінші болып жоғары дәрежелі санаттағы уролог дәрігері атағы берілген.

Евгений Емельянович өзіне уролог, хирургия бөлімінің меңгерушісі - В. Салиенконы лайықты ізбасары етіп дайындады, оған жоғары дәрежелі дәрігер атағы берілді.

70-ші жылдары медбикелер жетіспеген кезде Евгений Емельянович практикалық медициналық қызметінен үзіліссіз мейірбикелерге арналған оқу курстарының ұйымдастырушысы және жетекшісі болды.

Әр уақыттары аурухана кәсіподақ мүшесінің басшысы болып тағайындалған.

Жоғары білікті маман және адал жұмысы үшін дәрігер уролог
Е.Е. Самойлов тұрғындар мен медицина қызметкерлері арасында лайықты атақ пен құрметке ие.

 

Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/7-VI шешіміне сәйкес Евгений Емельянович Самойловке «Алтай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы