Меню

Страницы

Статья

Сәлімов Ермак Бидахметұлы

Сәлімов Ермак Бидахметұлы, 1957 жылы туған. Білімі жоғары. 1981 жылы Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженер-маркшейдері» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Березов кенішінде шахтаның жерасты тау-кен шебері лауазымынан бастап, Ертіс полиметалл комбинатының сенімді басқарушысы лауазымына дейін көтерілді. Нарықтағы экономикалық тұрақсыздық пен қайта құрудың ауыр жылдарында, кәсіби тәжірибесі мол, білікті басшы ретінде Ермак Бидахметұлы кәсіпорынды банкроттыққа жібермей, оңалту процедурасын жүргізу арқылы ауыр экономикалық жағдайдан алып шықты. Инвесторларды тарта білді, соның арқасында Глубокое, Белоусовка, Верх-Березовка, Алтай кенттерінің тұрғындары үшін жұмыс орындары сақталып қана қоймай, жаңа өндіріс орындары ашылды.

Мемлекеттік қызметте 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Глубокое ауданы әкімінің орынбасары қызметінде құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік етті. Сол жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемі 262,5 млн теңгеден 1,8 млрд теңгеге дейін өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 1200 шаршы метрден 14 мың шаршы метрге дейін артты. Жұмыс барысында ауданның коммуналдық қызметтерінің тұрақты жұмысы қамтамасыз етілді.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы болып жұмыс істеген кезінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында 30% өсімге қол жеткізілді. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 470 млрд теңгеден 492 млрд теңгеге дейін өсті. ШҚО әкімінің орынбасары лауазымында облыс кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестицияларды 139 млрд теңгеден 144 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өсуіне қол жеткізді. Бағаның өсуін және инфляциялық процестерді бақылау жөніндегі штабты басқара отырып, халық үшін әлеуметтік маңызы бар негізгі тауарлар мен қызметтердің бағасының көтерілуіне жол бермеді.

Сондай-ақ Риддер қаласының әкімі лауазымында қызмет етті, 2010 жылғы шілдеден 2015 жылғы маусымға дейін Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының әкімі болды.

Зырян ауданының әкімі лауазымында болған 5 жыл ішінде Е.Б. Сәлімов аудандық бюджеттің жалпы кіріс көлемін 2,5 еседен астамға – 3 млрд теңгеден 8 млрд теңгеге дейін арттыра алды. 90-шы жылдары құрылысы тоқтап қалған екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, соның ішінде жеке инвестицияларды тарту арқылы аяқталды. Ауданның қала, ауыл және кенттеріндегі жолдар мен көшелер жөнделіп, жарықтандыруға күрделі жөндеу жүргізілді. Зырян және Серебрянск қалаларының коммуналдық кәсіпорындарында ауқымды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 3 млрд теңгеден астам қаражат тартылды.

«Балапан» бағдарламасы бойынша 280 орындық «Қарлығаш» және «Жасмин» балабақшалары пайдалануға берілді, 100 орындық «Золотой ключик» жекеменшік балабақшасы ашылды.

Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жобаларға қатысу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Тартылған 300 млн теңгеден астам жеке инвестиция қаланың архитектуралық келбетін жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізуге мүмкіндік берді: Зырян қаласының орталық көшелеріндегі көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері жөнделді, Зырян және Серебрянск қалаларында көпфункциялы спорттық корттар мен балалар спорт алаңдары орнатылды. «Казцинк» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында 200 орындық көпфункциялы хоккей модулінің құрылысы аяқталды.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында мал шаруашылығы басының көбеюіне қол жеткізілді. Ветеринария саласында ауданда 10 сою алаңы салынды, екі құс фермасы, екі мал қорымы, 11 ветеринариялық пункт ашылып, олар қажетті жабдықтармен жарақтандырылды. Жыл сайын егістік алқаптары мен ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі артып келеді.

Е.Б. Сәлімовтың басшылығымен Зырян ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Еңбекке қабілетті жастағы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны екі есеге азайды, жұмыссыздық деңгейі 1,2%-дан 0,8%-ға дейін төмендеді. Зейнеткерлер мен мүгедектер үшін күндізгі стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін аумақтық орталық ашылды.

Жастардың дамуы үшін барлық қажетті экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайларды жасау мақсатында Шығыс Қазақстан облысында алғашқы болып Зырян ауданында «Жастар орталығы» КММ ашылды. Бұл жастармен еңбек, білім, мәдени-бұқаралық және сауықтыру салаларында жұмысты жандандыруға мүмкіндік берді.

Е.Б. Сәлімовтың тікелей қатысуымен Зырян кенішінің жабылуына байланысты су басу аймағында қалған Зырян қаласының оңтүстік бөлігінің тұрғындарын көшіру мәселелері шешілді. Су басу аймағынан 130 отбасы жайлы тұрғын үйлерге көшірілді. Бұл мәселені шешу үшін мемлекеттік бюджеттен 248 388,078 мың теңге бөлінді.

Барлық қызмет саласында Е.Б. Сәлімов өзін өндірістік және қызметтік мәселелерді табысты шешетін білікті, бастамашыл басшы ретінде көрсетті. Ол әрқашан азаматтардың өтініштеріне, олардың мәселелерін шешуге мұқият қарайды. Ермак Бидахметұлының мінезіндегі ақкөңілділік пен ашықтық оның тұлғалық бейнесінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Зырян аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 24/10-VІ шешіміне сәйкес, Ермак Бидахметұлы Сәлімовке «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы