Меню

Страницы

Статья

Нұрбаев Ержан Ахтанұлы

 


1963 жылы 27 қарашада Катонқарағай ауданының Берел ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келген.

Нұрбаев Ержан Ахтанұлы 1981 жылы Зырян қаласындағы Ленин комсомолы атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін қарулы күштер қатарына шақырылды. 1984-1986 жылдары Кеңес әскері қатарында қызмет етті.

1986-1987 жылдары Зырян ет комбинатында шапқыш болып еңбек жолын бастады. 1987-1990 жылдары ШҚО ІІБ жанындағы №105 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істеді. 1990-1993 жылдары Зырян қаласындағы «Райкоопзаготпромторг» мекемесінде дайындаушы болды.

1993-1997 жылдары алғашқы жеке кәсіпорындардың бірі — «Арлан» МЖК-сін ашты. 1997-1999 жылдары Зырян ауданында тұрып, осы кезеңде «Шығыс-Найман» ЖШС директоры болды. Кейіннен ол «Найман» ЖШС кәсіпорындарын ашып, сауда үйлерін, бірнеше Жанармай құю станцияларын (ЖҚС) салды, Зубовск кентінде нан қабылдау кәсіпорны ашылды. Алтай қаласында мұсылман мешітін салдырды. «Нивы Чапаево» ЖШС, «ОХМК плюс» ЖШС, «Мойылды-Байқоңыр» ЖШС сияқты кәсіпорындарды құрды.

1999-2003 жылдары оның басшылығымен тәуліктік қуаттылығы 150 тонна болатын Өскемен ұн тарту комбинаты мен 60 мың тонналық элеватор жұмысы қайта жанданды. Өскемен қаласында «ВостокНефтеСнаб» ЖШС, «Таг-Тин» ЖШС сияқты кәсіпорындар құрылып, ЖҚС-тар мен мұнай базасы салынды.

2002 жылы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.

«ВостокАгроХолдинг» ЖШС директоры болды. №33 Зырян сайлау округінен IV, V, VI шақырылымдағы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Сондай-ақ, V және VI шақырылымдар құрамында АӨК, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі депутаттық тұрақты комиссияның төрағасы болды, «Аграрлық сектор» бағыты бойынша партиялық куратор қызметін атқарды. «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облыстық филиалын басқарды.

Алтай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 2/4-VІІІ шешіміне сәйкес, Ержан Ахтанұлы Нұрбаевқа «Алтай ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы