Меню

Страницы

Статья

МЕНКЕНОВ МУДДАРИС МЕНКЕНОВИЧ

Мүддәріс Меңкенұлы Зырян қалалық партия комитеті төрағасының бірінші орынбасары, екінші хатшысы, Зырян қалалық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Ол Зырян қаласы мен Зырян ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Оның басшылығымен өндірістік және әлеуметтік нысандар: жаңа әуежай, Греховка, Маяк ауылдарындағы мектептер, Ленин атындағы мектеп, балабақшалар, көппәтерлі тұрғын үйлер салынды. Пайдалануға берілетін тұрғын үй қоры жыл сайын 80-90 мың шаршы метрге артып отырды. Ламинаттау зауытының құрылысы мен реконструкциясы, жаңа электрвакуумдық зауыттың құрылысы, кірпіш зауытын реконструкциялау, қалалық телефон станциясын кеңейту, жаңа аудандық қазандық, Бүркіт (Орел) тауындағы радио-трансляциялық станция, қалалық сүт зауытының жаңа сүт алмастырғыш цехының құрылысы, Зырян қаласындағы перзентхана мен қалалық моншаны реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Қаланы абаттандырумен белсенді айналысты. Оның басшылығымен Киров, Советская, Комсомольская көшелеріндегі автомобиль жолдарын реконструкциялау, Зырян қаласының көшелерін асфальттау, «Зырян – Октябрьский кенті» жол учаскесіне асфальт төсеу, Зырян қаласының батыс бөлігіндегі жарықтандыруды жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылды.

Ол бірнеше рет Зырян қалалық және Шығыс Қазақстан облыстық халық депутаттары кеңесінің депутаты болып сайланды.

1992 жылы Өскемен қаласындағы «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамы филиалының директоры болды. Ол басқарған уақытта Шығыс Қазақстан облысының елді мекендерінде банктің 14 есеп айырысу-кассалық бөлімі құрылды. Филиал өзінің несиелік саясатымен облыстағы шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуына тиімді ықпал етуде. Банк несиелерінің көмегімен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындары құрылуда. 2006 жылы банк Зырян қаласындағы Комаров көшесінде көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасын қаржыландырып, 45 пәтер пайдалануға берілді.

Оның басшылығымен филиал халықтың әлеуметтік осал топтарына, түрлі іс-шаралар мен акцияларды өткізу кезінде үнемі демеушілік, қайрымдылық көмек көрсетіп тұрады.

Оған жоғары ұйымдастырушылық қабілет, еңбекқорлық, талдаушылық ойлау, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік пен ізеттілік тән.

Көпжылдық адал еңбегі, жоғары іскерлік, азаматтық және адами қасиеттері үшін әріптестерінің, басшылардың және жұртшылықтың жоғары беделі мен құрметіне ие болды.

Зырян аудандық мәслихатының 2007 жылғы 4 тамыздағы № 48/4-3 шешіміне сәйкес, Меңкенов Мүддәріс Меңкенұлына «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы