Меню

Страницы

Статья

КОЛГАНОВ ВЛАДИМИР ПАНТЕЛЕЕВИЧ

Владимир   Пантелеевич   Колганов Зырян ауданына 1960 жылы Сталинград ауыл шаруашылығы институтын аяқтағаннан кейін келген.
1965 жылы «Никольский» совхозының директоры болып тағайындалған және
1997 жылға дейін оны басқарып келген. ССРО 50 жылдығына орай совхоз
СОКП ОК, ССРО Совминнің және Жоғары Кеңестің жоғары  наградалық белгісімен марапатталған.

Владимир Пантелеевичтің басқаруымен «Никольский» совхозы аудан және облыс көлемінде бидай дақылдары мен мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша алғы орындағы шаруашылықтар қатарында болды. Совхозда инженерлік-техникалық қызметкерлерден, орта буын басшылардан, механизатрлардан, жоғары өнім көрсеткіштерін беретін мал шаруашылықпен айналысатын адамдардан  құралған жоғары кәсіби ұжым қалыптасты. Ұжым басшыларымен ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде жаңа технологиялар, әдістер енгізілді.

В.П.Колганов Никольск ауылының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлді, мектептер, клубтар, балабақшалар, асханалар, дүкендер, тұрғын үйлер, ауыл шраушылық өндірісінің нысандары салынды.   

Ауданның саяси және қоғамдық өміріне белсене қатысты. Бірнеше рет ауылдық, аудандық кеңестердік депутаты болып сайланды, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты болған. Владимир Пантелеевичтің сіңірген еңбегі жоғары наградалармен белгіленген, олар: «Еңбек Қызыл ту ордені» және «Халықтар достығы ордені», Қазақ ССО еңбегі сіңген агроном атағы берілді.

В.П.Колганов жер істері және мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыруда көп жылғы еңбегімен, кәсіби біліктілігінің арқасында үлкен үлес қосқан. Аудан тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене араласқан.

Жоғары іскерілігінің,  азаматқа тән қасиеттерінің арқасында бірге жұмыс істеген ұжымның, басшылардың, ауылдықтарының арасында үлкен сый құрметке және беделге лайық азамат болды.  

 

Зырян ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы No10/4-6 шешіміне сәйкес Владимир Пантелеевич Колгановқа «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
21 марта 2024
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы