1969 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Балғын ауылында дүниеге келген.
Жанболат Байрахметович Казанов 2005 жылы Орталық азия университетін «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша, ал 2009 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетінің «заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы Глубокийдегі мыс қорыту зауытының балқыту цехында жұмысшы ретінде бастады. Кейіннен Глубокий ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде нұсқаушысы, «Элхон-Строй» ЖШС директоры болып жұмыс істеді.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Терезе» ЖШС директоры лауазымында қызмет етуде. Бұл серіктестік құрылыс қызметімен айналысады, онда 200 адам еңбек етеді.
Жанболат Байрахметович ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді.
2017 жылғы су тасқыны кезеңінде зардап шеккендерге техника, азық-түлік, құрылыс материалдарын бөлуде үлкен демеушілік көмек көрсетті. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, денсаулық сақтау және білім берудің әлеуметтік мекемелеріне, интернаттарға, қайырымдылық үйлеріне тұрақты түрде демеушілік көмек көрсетіп тұрады. Мәдени-спорттық іс-шараларға қолдау көрсетеді.
Ж.Б. Казанов басымдықтарды білікті көрсете алады және қойылған міндеттерді нақты шеше алатын тұлға. Өзінің еңбекқорлығымен және табандылығы арқасында белгіленген мақсаттарға жетеді, өскелең ұрпаққа үлгі болып табылады.
Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/7-VI шешіміне сәйкес Жанболат Байрахметович Казановқа «Алтай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.