Меню

Страницы

Статья

ИГНАШИН НИКОЛАЙ ЕФИМОВИЧ

1950 жылы 22 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Сокольск ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Өскеменнің индустриалды техникумын электр станцияларында жылу жүйелерін автоматтандыру- мамандығы бойынша аяқтаған, техник - жылу технигі мамандығын алған.

Жалпы еңбек өтілі 45 жылдан астам, ал мемлекеттік қызметтегі өтілі

18 жыл.

Кеңес Армиясының қатарында қызмет еткеннен кейін 1971 жылдан Зырян қорғасын комбинатының тұрғын үй-коммуналдық басқармасында жылумен қамтамасыз ету  шебері болып жұмыс істеді. 1974 жылдың ақпанынан металл өнімдері зауытының инженер- механигі болды. 1975 жылдың қаңтарында Зырян қорғасын комбинатының тұрғын үй-коммуналдық басқармасына жұмысқа алынды, онда ол 1996 жылдың маусымына дейін жылумен қамтудың аға шебері, жылумен қамту және электрмен қамту бастығы, бас инженер, бастық лауазымдарында жұмыс істеді. 1996 жылдың маусымынан бастап

2014 жылдың мамырына дейін Зырян ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Зейнетке шыққаннан кейін аудан әкімі аппаратында аумақтық қорғанысты қалыптастыру басқармасының арнайы тобында инспектор болып қызмет етті.

2016 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта Зырян ауданындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі болды. 2022 жылдан бастап Алтай ауданының қоғамдық кеңесі жанындағы Алтай ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның құрамында.

Жоғары іскерлігі мен азаматтық қасиеттері, үлкен тәжірибесі бар ол мемлекеттік басқарудың ең маңызды учаскесін басқарды, тұрғын үй-коммуналдық саласының, елді мекендер үшін өмірлік маңызды нысаналардың тұрақты қызмет ету мәселелерін білімді шеше білді. Өңір тұрғындарын жылумен, сумен, электр қуатпен, байланыспен үздіксіз қамтамасыз ету үшін көп күші мен қуатын кетірді, елді мекендерді көркейту және санитарлық тазалау, жол, көпір жөндеу мен салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда басшылық жасады.

Әкім орынбасары қызметінде отырып кәсіпорын, өнеркәсіп басшыларын қалыптастыру, көлік, байланыс, энергетика, геология, мұнай өнімдерімен және отынмен қамтамасыз ету, күрделі құрылыс және құрылыс индустриясы, тұрғын үй саясаты, жол шаруашылығы, төтенше жағдайларды басқару бойынша, көпірлердің техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асыру, инженерлік иммараттардың мәселелерімен айналысты.  Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша комиссиясының жұмысын басқарды.

Аудан әкімі аппаратында қызмет еткен уақытында Н.Е. Игнашин бастамашы, жоғары кәсіпті білікті жұмысшы, коммуналдық шаруашылықты қалыптастыру бойынша мемлекет саясатын белсенді жүргізетін қызметкер ретінде көрсетті. Жоғары іскерлігі мен азаматтық қасиеттері, үлкен тәжірибесі бар ол мемлекеттік басқарудың ең маңызды учаскесін басқарды, тұрғын үй-коммуналдық саласының, елді мекендер үшін өмірлік маңызды нысаналардың тұрақты қызмет ету мәселелерін білімді шешті. Соңғы жылдары білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет мекемелерін автономды жылумен қамтамасыз ету көздерін орнату бойынша нақты жұмыстар атқарды. 

Николай Ефимовичті өзінің принциптілігі, қайрымдылығы, адамдарға және олардың мәселелеріне  деген оң көзқарасы ерекшелейді. Ұжым, кәсіпорын басшылары, өңір қауымдастығы арасында үлкен құрметке ие. 

Ерен еңбектері үшін 2005 жылы «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, 2010 жылы «10 жыл Астана», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 2010 жылы көктемде қар жамылғысының қарқынды еруі мен беткейлік су ағыны мерзімінде шұғыл және епті шаралар қабылдағаны үшін «Құтқару операцияларын белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталған. 

 

Алтай ауданы мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/7-VI шешіміне сәйкес Николай Ефимович Игнашинге «Алтай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
21 марта 2024
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы