Меню

Страницы

Статья

ИВЕНКО ВАЛЕРИЙ ПРОКОПЬЕВИЧ

Ивенко Валерий Прокопьевич 1972 жылы Мәскеу тау-кен институтын «пайдалы қазбалар кен орындарын жерасты өңдеудің технологиясы және кешенді механикаландырылуы» мамандығы бойынша бітірген.

1979 жылдан бастап «Казцинк» ЖШС Зырян тау-кен байыту кешенінің кәсіподақ комитетін басқарады. Оған дейін электр слесарінің шәкіртінен бастап комбинаттың техникалық бөлімі бастығының орынбасарына дейінгі еңбек жолынан өтті. Жұмыс істеген уақытында өзін білікті маман және үздік ұйымдастырушы ретінде жақсы жағынан көрсетті. Ұжым арасында үлкен құрметке ие.

Кәсіподақ қызметі жылдарында В.П. Ивенко бірнеше рет ТМД елдерінің тау-кен металлургия саласы кәсіподақтарының Халықаралық бірлестігінің (Мәскеу қ.) басқарушы органының құрамына сайланды.

Қаланың қоғамдық өміріне белсене араласты, екі шақырылымда Зырян ауданы мен Зырян қаласы мәслихатының депутаты болды. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы кезінде сайлауалды штабтың төрағасы болды. Аудандық мәслихат депутаты болып тұрған кезде бюджет, экономика және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы қызметін атқарды. Көптеген мәселелерде құзыретті маман. Қысқа мерзім ішінде сайлаушылардың проблемаларын шеше білді. Білімі жоғары, саясат мәселелерін терең түсінеді, Қазақстан Республикасы Президентінің бағытын насихаттайды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен тығыз байланыста жұмыс істеді және істеп келеді. Өзінің іскерлік және жеке қасиеттерінің арқасында Валерий Прокопьевич қала тұрғындарының арасында үлкен құрмет пен беделге ие.

Зырян аудандық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 47/4-3 шешіміне сәйкес, Ивенко Валерий Прокопьевичке «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы