Дузбаева Зоя Жумагалиевна 1975 жылы «Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша Новосібір мәдени ағарту училищесін үздік аяқтағаннан кейін еңбек жолын Зырян Пионерлер үйінде бастаған. Кейіннен еңбек жолын «Строитель» мәдениет үйінде жалғастырды.
1980 жылы Мәдениет және спорт сарайында «Зыряночка» балалар би ансамблін ұйымдастырды. 1987 жылы ансамбльге «Үлгілі» деген атақ берілді.
Зоя Жумагалиевна – дарынды, шығармашылығы мол педагог. Ол дайындық сапасының жоғары болуын, ұжым қатысушыларының эстетикалық талғамдарын қалыптастыратын және шығармашылық әлеуетті дамытуды қамтамасыз ететін жүйені құрды. Сабақ барысында хореографиялық дағдыларға ғана мән беріп қоймай, әлемдегі халықтардың мәдениетін зерттеуге, ұлттық хореографиялық шығармашылықты дәріптеуге аса мән берген.
Ұжым жетекшісінің шеберлігі мен жеке тұлға ретіндегі рөлі оқушыларға жоғары мотивация береді. Оқу барысында ұжымның сақталуын 100% сақтайды.
Зоя Жумагалиевнаның тәрбиеленушілері кәсіби ұжымдарда билеуді жалғастыруда: «Салтанат» қазақ биінің мемлекеттік ансамблі, Мемлекеттік татар ансамблі (Алматы қаласы), «Наз» мемлекеттік би ансамблі (Нұр-Сұлтан қаласы), Сібір халықтық хорында, «Огоньки» ән мен би ансамблі, «Алтайские зори» (Барнаул қаласы), Н.Годенко атындағы (Красноярск қаласы), Роза Фибер би театры (Египет Республикасы).
Ұжымның 40-тан астам тәрбиеленушілері хореографияны өз мамандықтары ретінде таңдаған. Соның ішінде Н.Алтымбаева – «Зыряночка» үлгілі би ансамблінің қоюшы-хореографы, педагог-хореографтар - Славгород қаласының өнер мектебіндегі Т.Шевченко және Барнаул қаласындағы өнер институтындағы Н.Миронова, Зырян қаласының балалар музыка мектебінің хореографы Е.Дементьева, Зырян қаласының «Веснушки» би ансамблінің жетекшісі – М.Подыряко, Зырян қаласының «Гармония» ХБА хореографы - Л.Регурецкая, «Зыряночка» ҮБА педагог-хореографы – Т.Кононова.
«Зыряночка» ҮБА жетекшісі – Дузбаева Зоя Жумагалиевна – жоғары кәсібилігімен, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге деген талпынысымен, шығармашылық шабытты дамытуы және өз еңбегінің жемісіне жауапкершілігімен ерекшеленеді.
2010 жылы Түркия Республикасы Аланья қаласында «Талисман удачи» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы VI халықаралық фестивалінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі лауреаттары, Павлодар қаласында VI республикалық жастар Дельфи ойындарының қола жүлдегерлері.
2012 жылы «Зыряночка» ҮБА «Сабантуй» облыстық фестивалінің қатысушылары, «Агажай - Алтай» республикалық фестивалінің қатысушылары (Өскемен қаласы), Астана күніне арналған, «Құс жолы» қазақ халық биі бойынша халықаралық чемпионаттың (Астана қаласы) және Шығыс Қазақстан облысының күндеріне арналған мерекелік іс-шаралардың қатысушылары (Шымкент және Қызылорда қалалары).
2013 жылы Мәскеу қаласында өткен Рождестволық жұлдыздар атты халықаралық фестиваль-байқаудың Гран При иегерлері. «Сәлем, Астана» Республикалық фестиваль-байқауда орта және кіші топ – І орын, Пекин қаласы, Шанхай, Қытай ХР өткен «Жемчужина Востока» халықаралық байқауда ересектер тобы – І орын алған.
2014 жылы «Вишнева Украина - песня соловьина» украин халық шығармашылығы облыстық фестивалінің 1-дәрежелі дипломаттары (Өскемен қаласы), «Звездочки Иссык-Куля» жас дарындардың VII халықаралық конкурсының лауреаттары (Сары-Ой қаласы, Қырғызстан), «Дарындар шұғыласы - 2014» халықаралық хореографиялық конкурсының Гран при иегерлері, (Өскемен қаласы, Қазақстан), Халықаралық фестиваль-конкурста І-орын (Күншуақ) (Алматы қаласы).
2015 жылы «Первые шаги» хореографиялық республикалық конкурс,
І-дәрежелі лауреттар (Алматы қаласы).
2016 жылы «Салют талантов» халықаралық жобасы аясында «Накануне торжества» балалар және жастар шығармашылығының конкурсында Гран При, (Санкт-Петербург қаласы), «Рауан» республикалық фестиваль-байқауында Гран При (Алматы қаласы), «Прииртышские напевы» орыс өнерінің ХIII халықаралық фестивалінде Гран При (Семей қаласы), «Прииртышские напевы» орыс өнерінің ХIII халықаралық фестивалінде І-орын (Семей қаласы), «Первые шаги» республикалық фестиваль-байқауында І-орын (Алматы қаласы).
2017 жылы «Рауан» республикалық фестиваль-байқауында І-орын (Алматы қаласы), «Дарындар көкжиегі» облыстық хореографиялық конкурсының Гран При иегерлері (Өскемен қаласы), «Морской бриз» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы халықаралық байқау-фестивалінің қатысушылары (Сочи қаласы), «Просторы Вдохновения» халықаралық фестиваль-байқауының
ІІ-дәрежелі лауреаттары (Астана қаласы, Қазақстан).
2018 жылы «Алматы қаласындағы қысқы ертегі-2018» республикалық фестиваль-конкурсының Гран-при иегерлері (Алматы қаласы, Қазақстан), Троя Түркия халықаралық балалар фольклоры фестивалінің қатысушылары (Чанакалла қаласы), «Летний фейерверк» шығармашылықтың VIII халықаралық фестиваль-байқауында І-дәрежелі лауреат (Боровое курорты, Қазақстан), «Голубой залив» (Қазақстан) балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығы халықаралық фестиваль-байқауының 3 Гран При иегерлері.
З.Ж. Дузбаева тіл табысқыш мінезімен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Жұмыста әріптестері, балалар мен ата-аналары арасында үлкен құрметке ие, сыйлы.
Зоя Жумагалиевна Дузбаеваның көп жылғы еңбегі бірқатар алғыс хаттармен, грамоталармен, грамоталармен марапатталған, соның ішінде 2000 жылы «Мәдениет қайраткері» - «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» атағы берілді.
2001 жылы облыс бойынша алғаш рет Зоя Жумагалиевнана «Мәдениет және өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сыйлығы, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған.
Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 03 сәуіріндегі № 63/8-VI шешіміне сәйкес Дузбаева Зоя Жумагалиевнға «Алтай ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.