Меню

Страницы

Статья

ДОСКАЛОВ ВАЛЕРИЙ АЛЕКСЕЕВИЧ

1944 жылы 24 маусымда Архангельск облысының Вельск қаласында дүниеге келген.

В.А. Доскалов еңбек жолын 1962 жылы «Казцинк» компаниясында электр слесарі болып бастады. 1991-2003 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының атқарушы органдарында қызмет етті: Зырян қалалық атқару комитетінің төрағасы, Зырян қалалық әкімшілігінің басшысы, Зырян қаласының әкімі және Зырян ауданының әкімі болды. Аудан экономикасының, әлеуметтік саласы мен мәдениетінің тұрақты дамуына, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға үлкен үлес қосты.

В.А. Доскаловтың кейінгі қызметі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі депутаттық жұмыспен байланысты болды. Мұнда ол өзінің бай өмірлік тәжірибесін, жан-жақты білімін, талдау және болжау қабілетін, салмақты әрі сындарлы шешімдер қабылдау икемін толық дәрежеде қолдана білді.

Қазіргі уақытта В.А. Доскалов — «Казцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі вице-президентінің кеңесшісі.

«Құрмет» орденімен және бес медальмен марапатталған.

Зырян аудандық мәслихатының 2003 жылғы 31 наурыздағы № 35/3-2 шешіміне сәйкес, Доскалов Валерий Алексеевичке «Зырян ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Дата публикации
21 марта 2024
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ СЕВЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
14 августа 2026
АЛТАЙ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ Алтай ауданы, Алтай қаласы, Панфилов көшесі, 7 тел. 8(72335) 50022
12 августа 2026
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Северное ауылдық округінің әкімін сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы